Қазақ халқының ерлік істері

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

Ы. Алтынсарин атындағы ЖОББМ
Қазақ халқының ерлік істері
(тәрбие сағаты)
6 сынып

Дайындаған: Ажгалиев Т. У.
2015-2016 оқу жылы
Тәрбие сағатының мақсаты:Патриоттық сезімін, елі үшін мақтанышын тәрбиелеу,шынайы патриоттың және Отан қорғаушының бейнесін қалыптастыру, оқушыларды елінің және өлкесінің тарихымен таныстыру; белсенді өмірлік ұстанымын қалыптастыру. Балалардың эмоциялық әлемін адамгершілік әсерлермен байыту және адамгершілік сезімдерін қалыптастыру; оқушылардың моральдық дамуына және олардың шығармашылық қабілеттеріне ықпал ету.
Мұғалім:Армысыздар, құрметті қонақтар, оқушылар, мұғалімдер! Әрқайсымыз үшін жақын әрі қымбат мереке Жеңіс күні де келіп жетті. Жеңіске жету жолында қазақстандықтардың асқан ерлігі мен әскери жанқиярлығы Отан соғысы тарихындағы жарқын беттерге айналды. Сондықтан бұл күннің маңызы өте жоғары. Жеңіс үшін шыбын жандарын құрбан еткен бірнеше миллиондаған адамдардың есімдерін есте сақтап, 1418 азапты күн мен түнді болашақ үшін ерен еңбекпен, қайсар ерлікпен өткізгендерін ұмытуға болмайды. Ендеше, бүгінгі «Қазақ халқының ерлік істері» аталатын ашық тәрбие сағатымыз Жеңіске, Жеңіс себепкерлеріне арналады.
Соғыс туралы ащы шындықты айтар болсақ, қоршауда қалып немесе жаралы күйінде тұтқынға түсіп, азап шеккендерді елемей кетуге болмайды. Соғыстың алғашқы кезеңінде мыңдап қырылып, тірі қалғандары тұтқынға түсті. Одан сәтін тауып құтылғандар партизандарға қосылды. Мұндай бақытқа қолы жетпегендер концлагерьлерде азап шекті. Ал славян халқынан басқа халықтар өкілдерінен фашистік командование әртүрлі легиондар құрып, өз еліне қарсы айдап салмақшы болды. Олардың кейбірін өздері басып алған жерлерде партизандарға қарсы жұмсауға әрекеттенді. Сонда да легионның бөлімдерінен қашып шығып, Болгария, Югославия, И

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: