A) Мал ұрлау үшін келеді.
B) Туған жеріне келеді.
C) Адасып келеді.
D) Түрмеден қашып келеді.
E) Жаулардан қашып келеді.
15. Әділет, дәулет, ақыл мен қанағат жайлы кітап жазған ғұламаны табыңыз.
A) З. Бабыр.
B) Ж. Баласағұн.
C) А. Яссауи.
D) С. Сараи.
E) М. Қашқари.
16. Өзі іздеген сұлу қызды құмырсқаның көмегімен тапқан кейіпкері бар ертегіні табыңыз.
A) «Құмырсқалар, аралар-қиыспас дос құдалар».
B) «Алтын сақа».
C) «Аяз би».
D) «Күн астындағы Күнікей қыз».
E) «Ер Төстік».
17. Айтысқа түсетін ақынның бірден бастырмалатып, қарсыласының апшысын қуыра, сескендіре сөйлейтінінің себебін көрсетіңіз.
A) Елдің көңілін аудару амалы.
B) Айтыстың бір шарты.
C) Асқақ ақын екенін дәріптеу жолы.
D) Шабыт шақыру мақсаты.
E) Қарсыласын жеңіп кетудің амалы.
18. Алғаным Әли ағаның қызы еді,
Қас арудың өзі еді.
Маңдайы күнге тимеген,
Желге шашын үрмеген,- деген жолдар қай жыраудың өлеңінен алынғанын анықтаңыз.
A) Шалкиіз.
B) Бұқар.
C) Қазтуған.
D) Доспамбет.
E) Асан қайғы.
19. Бұқар жыраудың шығармасын табыңыз.
A) Жиырма деген жасыңыз
B) Мұнар күн
C) Асқар, асқар, асқар тау
D) Қамыстың басы майда, түбі сайда
E) Күмбір, күмбір кісінетіп
20. «Мен едім Исатайдың Шерниязы» деп, өзін Шернияз ақын кімге таныстыратынын табыңыз.
A) Баймағамбет сұлтанға.
B) Махамбетке.
C) Жәңгір ханға.
D) Ел-жұртқа.
E) Бөкей ханға.
21. «Ұзын бойлы, мес қарын, түксиген қалың қабақты, жалпақ мұрын, қарсы келген адам қаймыққандай, елге зәбірлі, көршілерге мазақ, қатты мінезді адам»- деген сипаттама «Қалың малдағы» (С. Көбеев) қай кейіпкерге лайық екенін көрсетіңіз.
A) Байғазы.
B) Итбай.
Страницы: << < 94 | 95 | 96 | 97 | 98 > >>