>E) «Асау тұлпар».
13. Парижде болғанда дағыстандық суретшіні көргенін, қартайған суретшінің суреттерінде туған елге деген сағыныш тұнып тұрғанын әсерлі жазған қаламгерді табыңыз.
A) Ғ. Гулям.
B) М. Әуезов.
C) Р. Ғамзатов.
D) Ш. Айтматов.
E) Ғ. Мүсірепов.
14. «Қызыл жебе», «Жетім қыз» шығармаларының авторын табыңыз.
A) І. Есенберлин.
B) Ә. Нүрпейісов.
C) М. Шаханов.
D) Ш. Мұртаза.
E) О. Бөкей.
15. Алдар Көсенің шайтанды алдауы деген аңыздағы шайтандардың атын көрсетіңіз.
A) Шойынқұлақ, Көкеман.
B) Құлан, Түлен.
C) Әңкір, Мүңкір.
D) Зор-теке, Сор-теке.
E) Мүкен, Түкен.
16. Кенелемін деген жігіттің
Жылқы ішінде екі арғымағы тел өсер,- қай шығарманың үзіндісі екенін анықтаңыз.
A) Жауынды күні көп жүрме.
B) Шағырмақ бұлт жай тастар.
C) Жел, жел есер, жел есер.
D) Ор, ор қоян, ор қоян.
E) Қоғалы көлдер, қом сулар.
17. Исатай-Махамбет бастаған көтеріліс жыршысының бірі, күрескер ақынды табыңыз.
A) Мұрат Мөңкеұлы.
B) Алмажан Азаматқызы.
C) Балқы Базар жырау Оңдасұлы.
D) Шернияз Жарылғасұлы.
E) Үмбетей жырау.
18. Шортанбай Қанайұлының өлеңінен алынған үзіндіде не туралы айтылғанын анықтаңыз.
Асылық азған заманда,
Алуан- алуан жан шықты.
Арам,араз хан шықты,
Сауып ішер сүті жоқ,
Мініп көрер күші жоқ,
Ақша деген мал шықты.
A) Адамгершілік қасиет.
B) Әйелдердің теңсіздігі.
C) Оқу, білім, өнер.
D) Жастардың бас бостандығы.
E) Қазақ даласына келген сауда.
19. «Кім жазықты» романының авторын табыңыз.
A) С. Көбеев.
B) С. Торайғыров.
C) М. Сералин.
D) Ж. Аймауытов.
E) Т. Жомартбаев.
20. Қазақ поэмасына психологиялық талдау нақтылығын әкелген, о
Страницы: << < 80 | 81 | 82 | 83 | 84 > >>