л өлеңін көрсетіңіз.
A) «Аққу, шортан һәм шаян».
B) «Сағындым».
C) «Пайғамбар».
D) «Жұртыма».
E) «Жетісу суреттері».
6. Ас бергенге бас берсін,
Өмірі ұзақ жас берсін.
Кетпес дәулет, кең пейіл,
Қайырымды дос берсін,- деген бата-тілектің түрін ажыратыңыз.
A) Жол батасы.
B) Теріс бата.
C) Наурыз батасы.
D) Ас қайыру батасы.
E) Рамазан батасы.
7. Баласын мақтар бас жаман,
Қатынын мақтар қас жаман
Алыстағы дұшпаннан,
Аңдып жүрген дос жаман, - деген жолдарды айтқан авторды белгілеңіз.
A) Қазыбек.
B) Төле.
C) Үмбетей.
D) Сырым.
E) Абай.
8. Бұқар жырау шығармаларының өзекті тақырыбын белгілеңіз.
A) Бұрынғыны аңсау.
B) Ел бірлігін жырлау, Абылай бейнесін сомдау.
C) Ғашықтықты жырлау.
D) Адамзат туралы ой-толғау.
E) Өзін-өзі мадақтау.
9. Дулат Бабатайұлының өлеңін табыңыз.
A) «Еділ бол да, Жайық бол»
B) «Артықша туған азамат»
C) «Анаңнан асыл бар ма?!»
D) «Аягөз, қайда барасың?!»
E) «Абайдың суретіне»
10. Абайдың өлеңін көрсетіңіз.
A) Өнер-білім бар жұрттар.
B) Арғымаққа оқ тиді.
C) Әкеме.
D) Өзен.
E) Жазғытұры.
11. М. Дулатовтың 1909 жылы Уфа қаласында басылып шыққан кітабын атаңыз.
A) Қирағат.
B) Есеп құралы.
C) Азамат.
D) Оян, қазақ.
E) Терме.
12. "Үш бақытымның" авторын табыңыз.
A) Ақұштап Бақтыгереева.
B) Мұқағали Мақатаев.
C) Фариза Оңғарсынова.
D) Жұмекен Нәжімеденов.
E) Қадыр Мырзалиев.
13. Егемен Қазақстан газетінің 1920 жылдардағы атын көрсетіңіз.
A) Орда.
B) Тіршілік.
C) Кедей сөзі.
D) Еңбекші қазақ.
E) Әдебиет майданы.
14. М. Шахановтың «Арман» өлеңінің оқиғасы қай жер
Страницы: << < 55 | 56 | 57 | 58 | 59 > >>