дайдың бейнесі мен кейпіне сәйкес жасалғанын айтып тұр. Шынайыға жақын, табиғи үлгіде әулие және қарапайым адамдардың бейнесін суреттеу, бейнелеу, мүсіндеу қолайлы болды. Гуманистер ежелгі грек, рим мәтіндерін түпнұсқа түрінде зерттеуді қалады. Мысалы, Библия немесе грек пьесалары.
Ежелгі және жаңа білімге құштарлық
1396 жылы Италия қаласы Флоренция византиялық ғалым Мануил Хрисолорды университетте дәріс оқуға шақырды. Ол (және оған ұқсас гректер) Батыс Еуропада ғасырлар аралығында жоғалған (немесе ескерілмеген) ежелгі грек және рим мәтіндері туралы білімдерді таратты. Бұл Италияда адамдардың үнемі ежелгі және жаңа білімге құштарлығының бар болғанын білдірді.
Байлардың дәулеті
XV ғасырда итальян қалалары сауда мен банк істерінің маңызды орталықтарына айналды. Бұл байлардың орасан зор ақшаға ие болғандығын және оларды жұмсай алғандығын білдіреді.
Баспа станогы
1445 жылдан бастап баспа станогын қолдану бүкіл Еуропаға таралды. Монастырлардың кітапханаларында сирек кездесетін түпнұсқалық қолжазба кітаптардың орнына олардың көшірмелерін жасау анағұрлым арзан және қолайлы болды. Бұл Италияға жаңа идеялар келгенін және осы жерден неғұрлым жылдам тарала бастағанын білдірді. I Яковтың суреті мен сарай суреті бойынша жазбалар Ұлыбританияда жасалды. Оны 1606 жылы құдіретті моғолдық Үндістанның императорына ағылшын елшісі сыйға тартты. Суретте Яков кез-келген билеушімен құқығы тең құдіретті және ұлы монарх ретінде бейнеленген.
Страницы: << < 1 | 2 | 3