Аймағымызда басылатын газет - журналдар

Страницы: 1 | 2  >  >>

Қазақ тілі. Сынып: 10
Сабақтың тақырыбы: Аймағымызда басылатын газет-журналдар.
Мақсаты: Газет-журналдар туралы білімдерін толықтыру барысында, олардың пайдасы туралы мәтінмен таныстыру. Алған білімдерін практикада, өмірде өз бетімен қолдануға дағдыландыру. Есте сақтау қабілетін дамыту. Шапшаңдыққа, достыққа, ұйымдастырушылыққа, басқаның пікірін тыңдап, өз ойын анық жеткізуге тәрбиелеу.
Күтілетін нәтижелер: Газет-журналдар туралы қызықты да күтпеген фактілер және олардың адам өміріндегі орны туралы түсініктері бар
Керекті жабдықтар: Ф. Ш. Оразбаева, Т. Т. Аяпова, Р. С. Ахметова, Қ. К. Исабекова. Қазақ тілі: Ортадан жоғары деңгей
Сабақ барысы
1. Ұйымдастыру Оқушылар бір-біріне тілек айтып,сәттілік тілейді
Топтық ережелерді естеріңе түсіреді
2. Үй тапсырмасын тексеру
Білу-Сұрақтарға жауап беру
Әлеуметтік желілер туралы не білесің?
Сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру.
Техниканың дамыған заманында бірер секунд ішінде хат алмасуға болады ма және қалай болады?
Электрондық поштаның басқа жүйелерден айырмашылығы қандай?
Электрондық пошта бізге қашан жетті?
Жаңа сабақ
Бүгінгі сабығымыздың тақырыбы "Баспасөз-өмір айнасы". Осы берілген сөйлемді қалай түсінуге болады?
Сөздікпен жұмыс. Сөздерді оқиды, қайталайды, сөйлем құрастырады
ақпарат көздері - источник информации
мерзімдік басылым - периодическое издание
бұқаралық ақпарат көздері - (СМИ)
мақала - статья
айдар - рубрика
мәлімет - сообщения, сведение
баспахана - издательство
тілшісі - корреспондент
жергілікті - местный
пресса - баспасөз
Бүгінгі сабағымыз не туралы болады? Проблемалық сұраққа өз ойларын жеткізеді
Түсіну- Мәтінмен жұмыс.
-мәтінді мәнерлеп оқу;
-мәтінге сұрақтар қою;

Страницы: 1 | 2  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: