Узакбаева Злиха Муратовна
Қызылорда облысы Жалағаш ауданы
202 орта мектептің ағылшын тілі пәні мұғалімі
Ағылшын тілін жаңадан меңгеріп жатқан балаларға арналған
ойын түрлері
1. "The sun asks for help"
Сіздер байқап отырғандай күннің бетін бұлт басып қалған. Осыған орай сіздер күннің бетін ашуға көмектесулеріңіз керек. Біз қалай көмектесе аламыз?
Қазір қалағаныңыз тақтаға шығып бір бұлтты аласыз. Бұлттың артында сұрақ бар. Сол сұраққа жауап беру арқылы сіз күн көзінің ашылуына ықпал етесіз.
1. What is your name?
2. Where are you from?
3. When is your birthday?
4. How old are you?
5. What is your friends na
2. Ойын барысында оқушылар 2 топқа бөлінеді. Олардың әр қайсысына алфавит әріптері беріледі. Мұғалім black сөзін айтады,1-топ оқушылары тақтаға шығып осы сөзді құрайды. Келесі топ осы сөздің антонимін құрауы керек-white
Онан соң 1-топ зат есім сөзін құрау керек.
Мыс:cat-black cat
Әрбір дұрыс құрылған сөз үшін ұпай беріледі.
3. Ойын сабақ үстінде ұқсас сөздерді айтудан құралады. Мысалы:ship-sheep,pen-pan, port-pot,back-bag. . .
1-топ оқушысы Point to a shipдесе 2-топ оқушысы Now point to a sheep деуі керек. Сөзді дұрыс оқыған топ өздері жаңа сөз айтуға кезек алады. Мысалы:Show me a pen,Now show me a penОйын соңында аз қате жіберген топ жеңіске жетеді.
4. Мұғалім тақтаға бір сөзді жазады,ал оқушылар сол сөздегі әріптерден жаңа сөздер құрап жазуы керек
. Мысалы:Schoolchildren-he,she,side,shoe,son,nose,ill,red,doll,line,child,school. . .
5. Word buildingБұл ойынның мақсаты белгілі бір әріп санынан құралған сөзден 2-3 сатыдан кейін сонша әріп санынан құралатын сөз тауып шығару. Әр сатыда тек 1 әріп қана өзгеріп отырады.
Мысалы:
1. try 1.
Страницы: 1 | 2 > >>