айларда компьютер білмеген жерін көрсетіп, көмекке келеді.
Қазақстан Республикасының мемлекетаралық тілі - ағылшын тілін жаңа технологиялар арқылы оқыту ісі күннен - күнге өзекті болып келеді. Тілді ақпараттық - коммуникативтік технология арқылы оқыту - тіл үйренушінің өз бетімен тіл үйрену қабілеттерін жетілдіруіне игі ықпал ететін тиімді жүйе болып табылады.
Сонымен қатар оқушылар интелектуалдық, шығармашылық және коммуникативтік істерін дамыта алады, оқушының оқу белсенділігі артады, сабақтың негізгі кезеңдерінің бәрінде оқушыларға шығармашылық жұмысты ұсынуға болады.
Тіл үйретуде ақпараттық технологияларды пайдалану тиімділігі
"Ауызша айтсаң - тез ұмыттым,
Көрсетсең - есте сақтаймын,
Іске кіріссең - үйренем. "
(қытай мақалы)
Жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы дамыта оқыту, дара тұлғаға бағыттап, оқыту мақсаттарын жүзеге асыра отырып, оқу-тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғарылату - бүгінгі күннің басты талабы.
Ағылшын тілді оқытуда жаңа технологияларды, техникалық құралдарды сабақта жан - жақты қолдану, мұғалімнің көптеген қиындаған қызметтерін жеңілдетіп, осы іскерліктің ұстанымды жаңа тәсілдерінің пайда болуына мүмкіндік туғызады. Осындай жаңа жолдардың біріне ақпараттық оқыту жүйесіндегі компьютерлік бағдарламалардың түрлері арқылы тіл үйретуді жатқызуға болады.
Елімізде білім беру саласында жаңа ақпараттық технологияларды қолдану басты мақсат болып отыр. Ол тек қана техникалық құрал емес, сонымен бірге жаңа ақпараттық , коммуникациялық технология және білім беру жүйесіндегі сабақ берудің жаңаша әдісі болып отыр.
Компьютерлік телекоммуникациялар бүгінгі қоғамда үлкен қолданысқа ие. Мәселен бизнесте, ақпараттық құралдарда, ғылым мен білімде.
Қазіргі з
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 > >>