Аяулы менің анашым

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

Бекітемін
"Еркетай" бөбектер
бақшасының меңгерушісі
С. Ө. Мухамедьярова








Аяулы менің анашым

Ортаңғы "Айналайын" тобы







Тәрбиешілер: Қазел Б.
Манаш А.











Баянауыл 2015-2016 оқу жылы

Мақсаты: Ана жайлы тамаша сөздер, тақпақтар, әндер арқылы балаларды мейірімділікке, ананы қадірлеуге тәрбиелеу.


Ертеңгілік барысы:

Зал әшекейленген

Жүргізуші:
Біз ғана емес, қадір тұтқан бабалар
Аналардан туған небір даналар.
Ана деген тіршіліктің тірегі
Армысыздар, қасиетті аналар! - деп
Ортаға кішкентай өнерпаздарымызды шақырамыз.

(Балалар музыка әуенімен залға кіреді. Орындыққа отырады)

Жүргізуші:

Құрметті де қымбатты аналар мен әжелер, апайлар мен
қыздар! Сіздерді 8-наурыз мерекесімен құттықтаймыз. Сіздерге әрқашан сыр бермес денсаулық, өмірдің шапағатын тілейміз.
Күндей жадырап
Жұлдыздай жарқырап
Көктемдей көтеріңкі - көңіл күймен бүгіңгі "Аяулы менің анашым" атты ертеңгілігімізді бастауға рұқсат етіңіздер.

Сіздерден өскен балалар
Батырлар мен даналар
Құттықтаймыз мейраммен
Құрметті абзал аналар - дей келесі құттықтау сөз кезегін балабақша меңгерушісі Мухамедьярова Сауле Окенқызына беріледі

Жүргізуші:

Көңілді Алатаудың ақ қарындай,
Мейрімін күннің шуақ шақтарындай
Қалайша аяулы ана тына алармын,
Ән болып сағыныштан ақтарылмай, - деп абзал аналарға "Құттықтаймын, мама" әнін тарту етеміз


Жүргізуші:

Десек те уақытпен жарыспайды
Қиялға қиялменен қарыштайды. <

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: