Аяулы анашым

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>


Жүргізуші: Құрметті қонақтар,ақ жаулықты әжелер, аяулы аналар,ару қыздар!Бүгінгі көктемнің алғашқы мерекесі 8-наурыз Аналар мейрамымен шын жүректен құттықтаймыз. Әрқашан дендеріңіз сау,көңілдеріңіз жайдарлы болсын! Бүгінгі мерекеде бүлдіршіндеріміз аналарына өз өнерлерін ұсынбақшы,қабыл алыңыздар!
Ән: " Аяулы анашым"(Әуенмен Бәйшешек билеп кіреді)
Бәйшешек: Сәлеметсіңдер ме,балалар!Қандай әдемі болып құлпырып кеткенсіңдер.
Жүргізуші:Қош келдіңіз, Бәйшешек!Біздің балалардың барлығы да әдемі,ақылды,ал бүгін ерекше көңілді. себебі,олар аналарына өз өнерлерін сыйға тартпақшы. Ендеше,балалар,мына Бәйшешекке,аналарымызға арнап жыр-шумақтарымызды айтып берейік.
Тақпақтар. Жанымызды жайнатқан, Рамзат
Сіздерді ғой аналар
Зор денсаулық мол бақыт
Тілейміз біз балалар.
Аппақ мамам, ақ мамам Диана
"Ақ мамам!" - деп, шаттанам
Түн ұйқыңды төрт бөліп
"Бөпешім!"- деп жатпаған.
Теңдесі жоқ данасың, Ерасыл
Арқа сүйер панасың.
Еңбегіңді ақтаймын,
Аман болшы анашым.
Сегізінші наурыз күнін, Айша
Мейрамдайды аналар.
Аналардың шаттығын,
Құттықтайды балалар.
Аналарды сүйеміз, Айару Е
Сөзін ойға түйеміз.
Әжені де ардақтап,
Әдеппен бас иеміз.
(Осы сәтте музыка әуенімен қасқыр келіп,жан-жағына қарайды)
Қасқыр: Сәлеметсіңдер ме,балалар,Мен Қызыл телпекті іздеп жүрмін,көктем айында ол әжесіне келетін еді. Мен оны ұстап алуым керек. Қайда? Қайда? (Оқыс қимылдармен жүріп ырылдайды. Қызыл телпек )Ал,сендер неге жиналып отырсыңдар?
Жүргізуші: Сәлеметсің бе ,қасқыр?Қайда жол тарттыңыз?Бүгін мереке ғой қыдырып жүрген боларсыз?
Қасқыр: А-а-а енді есіме түсті Қызыл телпекті іздеп жүрмін. Ол көктем айында әжесінің мерекесімен құттықтауға келеді

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: