Аялы күз, алтын күз

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

Сыныптан тыс сабақтың тақырыбы:«Аяулы күз, алтын күз!»
Мақсаты: Балаларды күз мезгілімен таныстыру арқылы ой-өрісі мен танымын кеңейту. Күз айлары адам өмірінде, тіршілігінде, шаруашылығында аса маңызды орын алатын жиым-терім, өнім алу және қысқа дайындық кезеңі екенін түсіндіру. Мезгілдерді біле отырып, уақытты тиімді пайдалануға, табиғатты тануға, сүюге, қорғауға баулу.
Көрнекіліктері: Күз туралы суреттер, күзгі ағаш, күз көкөністері, жеміс-жидектер, жапырақтар, стикерлер.
Тәрбие сағаты оқушылардың күз айлары мен мерекелеріне арналған тақпақтарымен ашылады.
1. Алыпжан:
Түсе берсін салқын, сыз,
Береке ғой –Алтын күз.
Аты айтып тұрғандай,
Мереке ғой жарқын жүз.
2. Айгерім:
Қыркүйектің бірінде,
Білім күнін тойлаймыз.
Мектепте де үйімде,
Білім, оқу ойлаймыз.
3. Бекдәурен:
Қазан айы басталса,
Келер күткен ыстық шақ.
Гүл ұсынам-Ұстазға,
Мерекемен құттықтап.
4. Әмина:
Бойлатқан оқу, білімге,
Қасиет бар ғой тілімде.
Ана тіл күнін атаймыз,
Қазанның жиырма бірінде.
5. Дарина:
Қыркүйек, қазан, қараша,
Аттары қалған жараса.
Алтын күзде қайнайды,
Қызу еңбек далада.
Мұғалім: Құрметті ата-аналар және ұстаздар! Бүгін міне бастауыш сынып оқушыларына арналған «Аяулы күз, алтын күз!» атты күз мерекесіне қош келдіңіздер.
Табиғаттың тамаша бір көрінісі-күз мезгілі. Күзде табиғат көрінісі жиі өзгереді, аспанды бұлт торлап, ағаш жапырақтары жерге түседі, жаңбыр жауады. Құстар жылы жаққа қайтады, астық жинаймыз. Айнала сұлуланып, түрлі-түстерге боялып құлпыра түседі. Ағаштардың және басқа өсімдіктердің жапырақтары қызыл, қоңыр, сары болып өзгереді. Көктем мен жаз бойы тер төгіп еткен еңбектің нәтижесінде уылжып піскен, пайдалы түрлі жеміс жидектер-дастарқанымы

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: