Апам шықса сапарға,
-Жолың болсын!- дейді атам.
-Жолың болсын!- дейді олар,
Үлкенге де кішіге.
-Жолың болсын!- дейді олар,
Ұшырасқан кісіге.
Осы сөзде байқадым,
Қуат барын, күш барын.
-Жолың болсын!- айтам мен,
Алыс жолға шықса кім.
-Жарайсыңдар балалар, өте жақсы.
2. Негізгі бөлім/оснавная часть:
-Балалар мен сендерге бір жұмбақ жасырғым келіп тұр
Алысты жақын еткізеді
Керек жерге жеткізеді. (көлік)
-Қандай көлік түрлерін білесіңдер?
- Көліктер үш түрге бөлінеді. Жерде, аспанда, суда жүретін көліктер.
Ойын: "Көліктерді топтастыр"
Мақсаты: Көліктер туралы білімдерін бекіту.
Шарты: Үлестірмелі карточкалардағы көліктерді әуе, жер, су көліктері түрлеріне бөледі.
-Балалар жеңіл көліктер не үшін керек?
-Автобус, троллейбус, трамвай не үшін керек?
-Жедел жәрдем көлігі не үшін керек?
-Өрт сөндіру көлігі не үшін керек?
-Пойыздар мен ұшақтар не үшін керек?
-Жарайсыңдар сендер көліктер туралы көп біледі екенсіңдер.
-Балалар мен сендерге жұмбақ жасырайын:
Бір көзім "кідір" дейді
Бір көзім "жүгір"дейді
Бір көзім "абайла"дейді
"Қарап ал маңайға"дейді -Ол не ?
-Бағдаршам қандай қызмет атқарады?
Билингвальды компонент: көлік-транспорт, бағдаршам-светофор
Жұмсақ модуль "Бағдаршам"
Балаларға үш түсті дөңгелектер беріледі. Балалар дөңгелектердің түстерін дұрыс тауып бағдаршам құрастырады.
-Балалар, сендерге тағы бір жұмбақ жасырайын
Арқасында ауыл жүр,
Ала тайым шауып жүр.
-Бүгін біз көліктің бір түрі - автобустың суретін салатын боламыз.
(Автобусты қалай салу керектігін үлгіні көрсете отырып түсіндіру)
Көрсету және түсіндіру.
-Алдымен тік төртбұ
Страницы: << < 1 | 2 | 3 > >>