ы , жарылғыш заттар мен радиоактивті материалдарды тиеу мен түсіру, тасымалдаудың бірқатар ерекшеліктері бар:
жүктің тасымалдауға автокөлік кәсіпорындары оның сақталуы үшін жауапкершілік міндетімен тек жүк жөнелтушілердің рұқсатымен алынады;
тасымалдаудан бұрын жүк жөнелтуші автокөлік кәсіпорнына жүк туралы нақты мінездеме беруі керек;
қауіпті жүктерді тасымалдау ереже бойынша экспедиторлармен немесе арнайы персоналмен жүріп тұрады;
жүктер бекітілген сәйкесті стандарттарға және техникалық жағдайлар және сәйкесті маркаланған тарада ұсынылуы керек;
жүкті тиеу жөнелтушілердің құралдарымен және күшімен, ал түсіру қабылдаушының құрал-күшімен жүзеге асырылады;
жүк жөнелтуші жүктің дұрыс қапталып және дұрыс тиелуі, құжатта оның атауының, қауіптілік категориясының, массасының дұрыс көрсетілуіне жауап береді.
Қауiптi жүктердi автомобильмен тасымалдау:
1. Тасымалдау, тиеу-түсiру жұмыстарын жүргiзу және сақтау кезiнде олардың өзiндiк ерекшелiгiне байланысты техникалық құралдардың, құрылғылардың, ғимараттар мен құрылыстардың жарылысына, өрт шығуына немесе бүлiнуiне, сондай-ақ адамдардың, жануарлардың өлiм-жiтiмiне, жарақат алуына және ауруына себеп болуы, қоршаған табиғи ортаға зиян келтiруi мүмкiн кез келген заттар, материалдар, бұйымдар, өндiрiс және өзге де қызмет қалдықтары қауiптi жүктер деп танылады.
2. Қауiптi жүктердi автомобильмен тасымалдауға ұсынған кезде жүк жөнелтушi құжаттарда (тауар-көлiк жүкқұжатында, автокөлiк құралының жүргiзушiсiне арналған жазбаша нұсқаулықта) осы жүктен туатын нақты қауiптi және қолданылуы тиiс сақтық шараларын көрсетуге мiндеттi.
Автокөлiк құралының жүргiзушiсiне арналған жазбаша нұсқаулықтар автомобильмен тасымалдаушыға қауiптi жүктi автомобильмен тасымалдауға арналған тапсырыс түскеннен кешiктiрi
Страницы: << < 4 | 5 | 6 | 7 | 8 > >>