Қауіпсіздік ережелері. Гигиеналық талаптар. Автоматтандырылған ақпараттық жүйелер түсінігі

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

Пән - Автоматтандырылған ақпараттық жүйелер

Топ - Күні

Сабақтың тақырыбы: "Қауіпсіздік ережелері. Гигиеналық талаптар. Автоматтандырылған ақпараттық жүйелер түсінігі"
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың білімдерін бекіту, олардың алған білім-білік дағдыларын көрсету.
І. Білімділік: Қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқау, оқушыларға ақпараттық жүйе, ақпараттық жүйенің құрылымы туралы түсінік беру;
ІІ. Дамытушылық: Есеп беруді безендіруге қойылатын талаптар. Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту, пәнге қызығушылығын арттыру;
ІІІ. Тәрбиелік: оқушыларды ұқыптылыққа, жан - жақтылыққа, ізденімпаздыққа тәрбиелеу.
Сабақтың типі: жаңа сабақ
Сабақтың түрі: жаңа сабақты меңгерту
Сабақтың жабдығы: компьютер, кесте, слайд
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру.
ІІ. Біліктілікті, икемділікті, дағдылықты көкейкесті ету
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.
ІV. Сабақты бекіту.
Үйге тапсырма.
V. Сабақты қорытындылау.

І. Ұйымдастыру:
а) оқушыларды ТҚЕ мен таныстыру;
ә) оқушыларды түгелдеу;
б) оқушылар назарын сабаққа аудару.

ІІ. Есептеуіш техника кабинетінде қауіпсіздік ережесі
Есептеуіш техника кабинетінде жұмыс жасау кезінде техника қауіпсіздігін сақтау оқушылар мен мұғалімдердің негізгі міндеттерінің бірі болып табылады

Аталған міндетті орындауда оқушы төмендегідей :
1. Жалпы ережелерді;
2. Дербес компьютерде жұмыс жасау алдындағы;
3. Жұмыс жасау кезіндегі;
4. Апаттық жағдайдағы;
5. Жұмыс соңындағы талаптар мен ережелерді білуге тиіс.

Жалпы техника қауіпсіздігінің ережелеріне қойылатын талаптар төмендегідей :
- Компьютерді тоққа қосатын сымдарға , қос тілді розеткілерге , штеккерлерге тиісуге және жабдықтарды мұғалімнің рұқсатынсыз ж

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: