Тақырыбы: "Қауіпсіз деп ойлама,Отпен оқыс ойнама!"
Мақсаты:Өрттің қаншалықты қауіпті екені туралы балаларға түсіндіріп,білімдерін кеңейту. Өрттің алдын алуға балаларды ынталандыру.
Суретпен жұмыс.
Тәрбиеші:Осы суреттерді көре отырып,қандай ой келді?
-Шырпы күнделікті өмірде қажет. Шырпы арқылы майшамды,газды т. б. нәрселерді тұтату үшін іске асырады. Шырпыны үлкендердің рұқсатынсыз алмау керек. Себебі өрт-тілсіз жау. Шырпының адам өмірінде пайдасымен бірге зияны да болады. Сонымен бірге газ құрылғыларын қосуға,үйдегі күнделікті өмірде қолданатын тоқ көздеріне де әр түрлі шеге т. б. сияқты заттарды сұғуға болмайды.
Тағы бір өмірімізге қауіп тудыратын нәрсе ол-электр құралдары. Үйдегі үлкендердің көмегімен ғана ол құралдарды пайдалануымызға болады. Балалар сақтық шараларын орындамасақ өрт шығу қаупі орын алады.
Өрт шыққан жағдайда не істеуіміз керек?
-Бірден үлкендерге ескерту керек!
-Өрт болып жатқан жерден қашып шығуымыз керек!
-Телефонмен қоңырау шала алатын болсаңдар,101 нөміріне қоңырау шаламыз!
-Терезені ашуға болмайды!
Дидактикалық ойын "Қауіпті заттар"
Мақсаты:
Балалардың өмірімізге , денсаулығымызға қауіпті заттар туралы түсініктерін қалыптастыру,бекіту.
Ойынның жүрісі:
Тәрбиеші балаларға бірнеше суреттің ішінен қауіпті заттарды табуды ұсынады және қандай қауіп әкелетінін сұрайды.
Қорытындылау
Баспалдақтан далақтап,
Ұшып-қонып Қалтақбай.
Сырғанап кеп Қанаттан,
Ұшып түсті қалпақтай.
Келеді әркез сендіргім-
Қауіпсіздік керек бұл:
Шығарда үйден сөндіргін,
Құралдарын электр.
Қауіпсіз деп ойлама,
Отпен оқыс ойнама.
Страницы: 1