Пәні: Дүниетану
Сабақтың тақырыбы: Ауаның құрамы. Ауа қабығы.
Сабақтың мақсаты: Ауаның құрамы және қасиеттерімен таныстыру. "Атмосфера" ұғымымен таныстыру. Газ тәріздес заттар туралы ұғымдарын бекіту. Сұрақтар қойып үйрену. Қарым - қатынас мәдениетін тәрбиелеу, топ болып жұмыс жасау.
Сабақтың түрі: жаңа тақырыпты түсіндіру.
Сабақтың көрнекілігі:
Сабақтың жүру барысы:
І. Ұйымдастыру
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
1. Табиғаттағы судың ластануы туралы айтып бер.
2. Суға қандай зиянды қалдықтар түседі, олар ағзаларға қалай әсер етеді?
3. "Арал қасіреті" дегенді қалай түсінесің?
ІІІ. Жаңа сабақ.
1. Қызығушылықты ояту.
"Көрінбейтін сиқыршы"
Жер бетінде көзге көрінбейтін бір сиқыршы бар. Онымен әркім - ақ күнделікті кездесіп отырады. Сен оны көрмейсің, бірақ маңайыңда екенін сезесің. Міне, ол есікті тарс жапты. Көшемен келе жатқанда жапырақтың жұлынып түсіп, жорғалай жүргенін көресің, оны көрінбейтін сиқыршының алып бара жатқанын сезесің. Тіпті басын шұлғып, ырғалған шөптерді байқайсың. Сені үнемі қоршап тұрады. Сенімен бірге жүреді.
Барма жоқпа оны анық білмейсің
Ол жоқ жерде өмір сүріп жүрмейсің. Ол не? (ауа)
2. Мағынаны тану.
- Ауа туралы не білесіңдер? Ол туралы не білгілерің келеді?
Ауа көзге көрінбейді. Біз оны көрмейміз. Бірақ айналамызда екенін білеміз. Біз сабын көпіршіктерін ұшырғанда немесе желпуішті желпігенде ауаның қозғалысын байқай аламыз.
Ауа - физикалық дене. Физикалық дене заттардан тұрады. Ауа газдардың қоспасы. Оның иісі де, түсі де жоқ. Мұның себебі ауаның құрамына кіретін газдардың ішінде оттегі мен көмірқышқыл газы сендерге таныс. Ағзалар тыныс алғанда оттегін сіңіріп, көмірқышқыл газын сіңіріп отырады.
1) Сытырлақ дорбаны үрлеп ауа т
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>