оқсанынан 1989 жылдың 15 ақпанына дейін, яғни 2238 күнге жалғасқан Ауған жеріндегі қанды қасап басталып кетті.
Ауған сарбаздарына 1 минуттық үнсіздік жарияласақ.
ІІ бөлім Жылма-жыл ақпан айының 15-і күні біз ауған соғысында қаза тапқан жауынгерлерді еске алып, олардың рухтарының алдында бас иеміз. Өйткені бұл соғыста өрімдей жас жігіттер жазықсыздан-жазықсыз құрбан болды. Сол құрбандардың бірі - менің ағам Мұқанов Қайырбек Ахатұлы, әкемнің кіші інісі.
Қайырбек ағам 1963 жылы 1 тамыз Қостанай облысы, Меңдіқара ауданы, Көктерек ауылында дүниеге келді.
1970 жылы Көктерек ауылында 1 сыныпта оқып, 1978 жылы Көктерек 8-жылдық мектебін бітірді.
1980 жылы Қаратал орта мектебін бітірді, бітірген соң Каменск-Уральск кеңшарының Көктерек ауылында механизатор болып жұмысқа орналысты.
1980 жылы қазан айында арнайы жолдамамен Меңдіқара аудандық ауыл-шаруашылық училищесіне түсіп,оны 1981 жылы бітіріп шықты. Училище бітірген соң Каменск-Уральск кеңшарында К-700 тракторінде жұмыс істейді.
1981 жылдың қазан айының 24-і күні Совет Армиясының қатарына шақырылды. Тәжікстанның Куляб облысында Қызылжұлдызды Орта Азия Москвалық 2033 шекаралық әскери бөлімшесінде әскери борышын өтеді.
1982 жылдың 21 қазан күні Демократиялық Ауған жерінде майдан алаңында жолдастарына көмек көрсету үстінде асқан ерлікпен қазақ тапты. "Қызыл Жұлдыз" орденімен, "Ерлік үшін" медалімен мадақталды.
ІІІ бөлім (слайд)
ІV бөлім "Ауған соғысы туралы жақ ашпау" атты видео үзінді көрсету
V бөлім Өтер жылдар, айлар тағы алыстап
Тағдыр талай тауқыметін табыстар.
Өздеріңді жырлап өтер ұрпағың
Ауғандағы азап шеккен арыстар - деп ақын жырлағандай, өмір тоқтамайды, ерлік өлмейді, азап шеккен азаматарға амандық хат, өлең жол
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 > >>