Ауамен таныстыру

Страницы: 1 | 2  >  >>

Ұйымдастырылған оқу-әрекетінің технологиялық картасы
Технологическая карта организованной учебной деятельности Күні: 10. 02. 2017ж
ІІ кіші тобы "Көбелек"
Білім саласы: "Таным", Жаратылыстану
Тақырыбы: "Ауамен таныстыру" (практикалық жұмыс-зерттеу)
Мақсаты: Кішкентай балалардың ойлау қабілетін дамыту. Балаларға ауа туралы түсінік беру. Ауа бізге қажет. Ауа жердегі тірі жандардың бүкіл өмірдегі жаны.
Сөздік жұмыс: тәжірибе, түтік, көпіршік
Іс-әрекет кезеңдері
Тәрбиешінің басқарымдық қызметі
Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық қозғаушы
Жұмбақ шешу:
Бар ма,жоқ па,оны анық білмейсің,
Ол жоқ жерде өмір сүріп жүрмейсің.
Билингвалдық компонент: ауа-воздух

Балалар жұмбақты шешеді.
Шешуі: ауа
Ұйымдастырушылық ізденіс
Балалар ауа деген не ,қалай ойлайсыңдар? Дұрыс айтасыңдар,балалар ауамен біз демаламыз,ауа болмаса, біз өмір сүре алмаймыз. Ауа таза болу үшін топқа бөлме өсімдіктерін өсіреміз. Бөлме өсімдіктері әдемі өсу үшін не істейміз? Тағы таза ауа болу үшін топта терезені ашып,даладан таза ауа кіргіземіз. Ауа далада да, үйде де бар. Бірақ біз оны көзімізбен көрмейміз. Өйткені ауа мөлдір және түссіз болады. Тәжірибе жасап көрейік. Ауаны байқау үшін шарды үрлеп көруге болады. Бәріміз шарды алып үрлейміз. Енді, стақандағы суға түтікті салып, үрлеп көреміз. Шығып жатқан көпіршіктер ол ауа осылай көруге болады.

Өз ойларын айтады.



Ауа не үшін керек екенін білуге тырысты.


-Су құямыз.



-Балалар берілген шарды үрлеп, ішінде ауа бар екенін бақылайды.
Стақандағы суды үрлеп, ауаны көреді.
Рефлексивті-коррекциялау
Сұрақ-жауап арқылы қорытындылау.
Балалар бүгін не туралы әңгімелестік?

Страницы: 1 | 2  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: