Күні:22. 10. 2014
Пәні:Дүниетану
Сынып:1 "В"
Сабақтың тақырыбы:
Табиғат "Ауа райы"
Мақсаты:
Ауа температурасы жайында түсінік беру. Термометр және оны пайдалана білу техникасы жайында меңгерту. Ауа райының шартты белгілерін меңгерту.
Табыс критерийлері:
Тақырыпқа берілген мәтіннің мазмұнын түсінеді.
Ауа температурасын анықтай алады. Термометрді таниды және оны практикада қолдана алады. Ауа райының шартты белгілерін таниды және сол шартты белгілерді пайдаланып ауа температурасын анықтай алады Сұрақтарға нақты жауап береді.
Өзін-өзі бағалай алады. Өмірден мысал келтіреді. Өз ойларын дәлелдей алады.
Сабақтың әдісі:
Бағалау:
Топтық жұмыс,сұрақ-жауап.
өздерінің бағалауы, смайликтер
Ұйымдастыру кезеңі:
3 минут
Сыныпта жағымды психологиялық ахуал туғызу. (Оқушыларды шеңбер бойымен тұрғызып, бір-біріне жақсы тілектер айтқызу. )
Қызығушылықты ояту
5 минут
Топқа бөлу,топ мүшелерін сайлау
Сабақтың мақсатымен таныстыру
Мағнаны түйіндеу.
(8 минут)
Топтық жұмыс. Постер қорғау.
Ой толғаныс. Сұрақ - жауап әдісі.
1. Адамның сезім мүшелерін атап жіберейік
2. Олардың қызметін айтып жіберейік (топтық жұмыс)
3. Сезім мүшелерін қалай сақтау керек?
4. Адам мен табиғат өзара қандай байланыста?
5. Салауатты өмір салтын құру үшін қандай ережелерді орындау керек?
Сергіту сәті.
1 минут.
Жаттығу жасау.
Жаңа сабақ түсіндіру
Тақырыпты ашу. Таныстырылымда Қазақстанның әдемі табиғатының суреттерін көрсете отырып сын тұрғысынан ойлауды ұсынамын, бұл суреттер арқылы не түсіне алатындықтарын сұрау арқылы жаңа сабақтыың тақырыбын ашу.
Оқулықпен жұмыс
6 минут
Оқулықтағы берілген мәтінді түсініп оқу.
Страницы: 1 | 2 > >>