Ата салтым – асыл қазынам

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>

ң сөздері естияр балалардың ой-қиялына жыр етіп, ананың мейір-шапағатын арттырады. Ондай отты жырларды балалар да жаттап алу керек.

Тұсау кесер - бір жасқа толып еркін жүре бастаған бал бөбектің басқан қадамы құтты болып, одан әрі жаны жамандық көрмей жақсы жүріп кетуіне тілек білдіру салтанаты ретінде өтеді. Бөбектің тұсауын ата-ананың қалауы кеседі. Тұсауы кесілген баланы "Ақ жол болсын" деп ақ орамалдың үстімен немесе жұмсақ болсын деп кілем үстімен жүргізеді.
Тұсау кесер жырлары айтылады.

. . . Қаз, қаз балам, қаз балам,
Қадамыңды жаз, балам
Әнекей, ақ бесік.
Әлдиіме бақ бесік.
Шүмегіңді салайын,
Сылдырмағын тағайын.
Жібек көрпе жабайын,
Бауық барқыт пүліштей
Балдақтарың күмістей,
Жабдығыңмен сыйлысың.
Жатса бөпем жайлысын,
Көсем сенен өседі
Жайлы болсын төсегі.

Баланы атқа мінгізу салты - баланың буыны бекіп, 4-6 жасқа келгенде ат үстінде өзін-өзі ұстап отыра алатын жағдайға жеткенде, атқа мінгізу салтын жасап, ат құлағында ойнайтын денсаулығы зор, мықты, шымыр жауынгер, еңбекқор, қиыншылыққа төзімді ұрпақ тәрбиелеудің бір түрі.
Балаға ер-тұрмандарын сыйлап (ашамай, жандарба, тоқым, жүген, ноқта), атқа мінгізіп той жасайды.
Бұл әрекет ер баланың ендігі азамат болуға дайындалғанының белгісі болып саналады.

Қорытынды.
Мұғалім: "Ата көрген оқ жонар, ана көрген тон пішер" дегендей, ата-бабаларымыз ұл-қыздарын жасынан бастап сан алуан іс-әрекетпен, жауапкершілікті талап ететін еңбекпен тәрбиеленген. Ер баланы бес жасынан тай жалын тартып мінуге жарағаннан бастап, оны қолғанат деп есептеген. "Жігітке жеті өнер де аздық етеді" деп халқымыз ер баланы төрт түлік малды бағып-күтуге, жер қыртысын, өсімдік түрлерін білуге, қараңғы түнде

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: