лауға нұсқау береді. Немесе әр көрерменге нақты «отбасы мүшесінің» мінез-құлқын бақылауды ұсынуға болады. Мысалы,ұтыс жағдайында отбасы мүшелері неге ақшаны жұмсауды қалайды:оқуға,саяхатқа,бір нарсе сатып алуға;басқаларды өз ұсынысымен қызықтыра алды ма; дәлелдерді қаншалықты ұтымды түрде ұсына алады.
Талқылаудан кейін,бірнеше қатысушылар орын ауыстырып ортаға отырады да,басқа тақырыпты талқылайды.
Осылайша әртүрлі жағдайды келтіруге болады. Мысалы,анасының әкесі ауылда тұрады,оның өз үйі және шаруашылығы бар,ол ауырып қалды,бірақ қалаға келгісі келмейді. Отбасы не істейтінін шешуі қажет. Қойылымды ойнағанға дейін әр отбасы мүшесінің қалауларын анықтап алуға болады. Мысалы,анасы ауылға кеткісі келеді,өз шаруашылығымен айналысқысы келеді,әкесі мұны қаламайды,өйткені қалада жақсы жұмысы бар,үлкен ұлының да барғысы келмейді,өйткені оқуға түспек ойы бар,кіші ұлының барғысы келеді,өйткені ол жерде жазда шомылуға,қыста шаңғы тебуге болады. Осы жерде шешім қабылдауға көп ықпал еткен кім ,«ата-аналар» қаншалықты «балаларының» пікірін ескере алды, «отбасы» ортақ пікірге келе алды ма,келісімге келе алды ма,сол сияқты мәселелерге көңіл бөлуі қажет.
11. «Сұраңыз-жауап береміз» жаттығуы.
Бұл жаттығуды орындау барысында әр қатысушы өздеріне қарама-қарсы жыныс өкілінен қыз бен ұл арасындағы қатынас жайлы пікірлері мен көзқарастары қандай екені туралы пікірлерін салыстырып талдайды. Ұл балалар бұл сұрақты қыздар қалай талқылайтыны туралы өз пікірлерін,ал керісінше қыздар ұл балалар пікірін өзінше талдайды.
Әр қатысушы парақ бетіне бір сұрақтан жазады. Сұрақ тақырыптары-ұл балалар мен қыз балалардың қатынасы және кездесу. Мысалы,кездесу кезінде не істеуді ұнатасың? Біреуге ұнайтыныңды қалай білесің? Ұл балалардың (қыз балалардың) киім киісінің қандай стилі ұ
Страницы: << < 7 | 8 | 9 | 10 | 11 > >>