ай тұрып,алдымен балалармен танысып,олармен жаттығулар және басқа іс-шаралар ұйымдастырып өзіне үйретіп алуы керек. Өйткені балалар бөтен адамнан жатырқап,ұялып,сұрақтарға жауап берместен мелшейіп тұрып алуы мүмкін. Сондыұтан олардың сеніміне ие болудың мағынасы терең. Тест өтілетін бөлмеде үстел,тапсырмаларды отырып орындайтын орындықтар болуы қажет. Тест жүргізіп болғаннан кейін оның нәтижелерін талдау,қорытынды шығару үшін тиісті жағдай болуы керек. Өйткені онда тесттің 20 фигурасын бір ретке келтіріп орналастыруға мүмкіндік болуы керек. Барлық фигуралар балаға жақсы көрінетін жерге қойылып,ондағы кейіпкердің келесі тәртіппен орналастырылуы қажет:4-әр жастағы әйелдер,4- әр жастағы еркектер,5- әр жастағы қыз балалар,5- әржастағы ұл балалар,кемпір,шал фигуралары.
Балаға отбасы мүшелері және құрамы жайлы түсінік беріледі. Отбасы құрамын психолог біліп алуы үшін алдымен келесі сұрақтарды қояды: «сенімен бірге тұратын адамдар туралы айтып берші», «Сенің отбасында қанша адам бар?» Баланың жауаптары хаттамаға тіркеліп отырылады. Тест нәтижесін шығару үшін отбасы құрамына келесі сипаттама беріледі: толық немесе толық емес отбасы ма. Отбасының барлық ерекшеліктері туралы толық мәлімет жтнаған дұрыс. Отбасы толық емес болса оның себебін анықтау. Анасы қайтыс болып әкесі екінші рет үйленген жағдайда бала өз тілінде менің екі анам бар деп жауап беруі мүмкін. Ондай жағдайда екі анасын да тестке қосу керек. Қазір бала кімнің қолында тұрып жатыр,оның іні-қарындастары бар ма,олардың жас шамалары қаншада?Егер бала олардың неше жаста екенін білмесе,онда психолог жетелеу сұрақтарын қояды,ол сеннен үлкен бе,кіші ме?Ол мектепке барады ма? т. б. Егер итін,мысығын және басқа жануарларды қосып айтса,оны тек тыңдау қажет,ол тестті талдау барысында есептелмейді.
Страницы: << < 17 | 18 | 19 | 20 > >>