Қасқыр мен жеті лақ

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

"Қызғалдақ" бөбекжай -
балабақшасың тәрбиешісі:

Тақырыбы: "Қасқыр мен жеті лақ"
Білім беру саласы: "Коммуникация"
Оқу қызметі: "Драма"
Мақсаты:Балалардың көркем шығармалар арқылы тіл байлығын және ауыз екі сөйлеуін дамыту. Ертегімен таныстырып, сахналау арқылы сұрақтарға толық жауап бере білуге, жағымды, жағымсыз кейіпкерлерді ажырата білуге үйрету. Ертегіні кейіптендіру арқылы дауыс ырғағын келтіре отырып рөлдерді сомдау және шығармашылық қабілеттерін арттыру.
Әдіс-тәсілдері: Ертегіні сахналау.
Қажетті көрнекіліктер:Үйшік макеті, кейіпкерлер атрибуттары, ағаш.
Оқу қызметінің барысы:
Балалар музыка ырғағымен залға кіреді.
Тәрбиеші:
-Балалар бүгін бізде ерекше күн, себебі біздің оқу қызметімізге көптеген қонақтар келіп отыр екен. Қане, балалар келген қонақтармен жақсылап амандасып алайық.



Арайлап таң атты,
Алтын сәуле таратып,
Жарқырайды күніміз.
Жарқырайды даламыз,
Армысың Аспан -ата.
Армысың Жер-ана,
Армысың достарым.
Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз,
Бар адамға құрметпен,
Бас иеміз біз.
Тәрбиеші:
-Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
Балалардың жауаптары.
-Апта күндерін атаңдаршы?
-Бүгін аптаның қай күні?
Балалардың жауаптары.
-Күз неше кезеңге бөлінеді?
Жауаптар.
Терезеден ауа-райына бақылау жүргізу.
-Балалар бүгінгі оқу қызметіміз ертегілерге байланысты. Біз сендермен көптеген ертегілерді білеміз, қане атап шығайықшы.
1. "Үйшік" .
2". Бауырсақ" .
3. "Маша мен аю".
4. "Қасқыр мен жеті лақ" бұл ертегілердің барлығы орыс халық ертегілері.
5. "Мақта қыз бен мысық" қазақ халақ ертегісі.
-Ал, балала

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: