Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:
6. 4А Қазақ хандығының XVI - XVII ғасырлардағы дамуы
Зерттеу сұрағы: Не себепті Қадырғали Жалайыр: "Жәнібек ханның ұлдарының арасында аса белгілі болғаны Қасым хан еді. . . " деп жазды?
Мектеп: "Қызылтөбе лицейі" КММ
Пән мұғалімі
Тілеген Үзілхан Далмұхан
Сынып: 6
Қатысқандар саны:19
Қатыспағандар саны: 0
Сабақ тақырыбы
Қасым хан тұсындағы Қазақ хандығының күшеюі
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)
6. 3. 1. 10 - қазақ хандарының мемлекетті нығайтудағы рөлін анықтау;
6. 3. 2. 6 - қазақ хандарының сыртқы саясатын талдау
Сабақ мақсаттары
Қазақ хандығының аумағын қалыптастырудағы және дипломатиялық қатынастар орнатудағы Қасым ханның ролін талдайды.
Бағалау критерийлері
Қасым ханның Қазақ хандығының аумағын ұлғайтқанына баға береді;
Қасым ханның ішкі саясатын талдайды.
Қасым ханның Қазақ хандығын нығайтушы хан ретіндегі қызметіне дәлелдер келтіреді
Тілдік мақсаттары
Бейнематериалды көріп, оның мәнін талқылау (тыңдалым және айтылым дағдылары);
Тыңдаған бейнематериалды жазбаша мазмұндау (жазылым дағдылары);
Тарихи дерекпен жұмыс(оқылым, жазылым және айтылым дағдылары).
Пәнге қатысты лексика мен терминология
Халық, ұлт, хан, орда, хандық, сұлтан, "Тарих-и Рашиди", Қозыбасы, Сыр бойындағы қалалар, өзбек-қазақтар, "Ұлы Дала елі"
Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер
Қазақ хандығының құрылуының әлеуметтік/экономикалық/саяси/ мәдени маңыздылығы
Қазақ хандығының құрылуының мен үшін маңыздылығы. . .
Қазақ хандығының құрылуының ел үшін маңыздылығы . . .
Керей мен Жәнібек . . . . . . . . істерімен халық есінде сақталды
Құндыл
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>