лайша жартылай жерге енiп жататын өскiншелер бiр жаздың өзiнде пiсiп жетiледi.
Қорытынды: Плаундар барлық жасыл өсiмдiктер секiлдi фотосинтез процесiнiң нәтижесiнде органикалық заттар түзедi және топырақ түзу процесiне қатысады. Плаундардың практикалық маңызы шамалы. Спораларын көп мөлшерде жинап, дәрi - дәрмек жасауға пайдаланылады. Шөбiн қайнатып, тұнбасын iш жүргiзетiн, несеп айдайтын және өттi тазартатын дәрi ретiнде медицинада қолданылады.
ІҮ. Үй тапсырмасы: 19 параграфтарды оқу, сұрақтарға жауап беру.
Ү. Бағалау
Күні: 23. 01. 2015 Сыныбы: 6 Пәні: Биология
Тақырыбы:Ашық тұқымды өсімдіктер.
Білімділік мақсаты:Оқушыларды ашық тұқымды өсімдіктердің құрылысы, ерекшеліктерімен таныстыру. Споралы өсімдіктермен салыстырғанда ашықтұқымдылардың айырмашылығы, және олардың қылқандары, көбею мүшелерінің құрылысын анықтау. Ашық тұқымды өсімдіктерді үйрету, адам өміріндегі, табиғаттағы маңызын білдіру.
Дамытушылық мақсаты:Ойлау, есте сақтау қабілетін дамыту. тұрақты түрдегі ерікті зейін қоюды дамыту.
Тәрбиелігі: Табиғатты сүюге,экологиялық мәдениеттің қалыптасуына тәрбиелеу. . Өз бетінше ойлануға тәрбиелеу. Санитарлық – гигиеналық дағдыларын, салауатты өмір сүру әдеттерін тәрбиелеу
Құрал-жабдықтар: кеппе шөптер, нақпішіндер, суреттер, электронды көрсетілімдер, кестелер, сызбанұсқалар
Сабақ типі: жаңа сабақ
Әдістемелік шешім: сұхбат, әңгіме-сұхбат, кестелер суреттер көрсету, тақтамен жұмыс
І. Ұйымдастыру кезеңі: Жаңа сабақты бастамас бұрын өткен сабақтардағы мағлұматтарды еске түсірейік.
ІІ. Ой қозғау. (өтілген тақырыпты пысықтау) . 1. Көкек мүгі,п Шымтезек мүгі,лаундардың сабақтарының құрылыстары қандай?
2. Көкек мүгі, Шымтезек мүгі,плаундардың жапырағының құрылыстары қандай?
3. Көкек мүгі, Шымтезек мүгі,пл
Страницы: << < 77 | 78 | 79 | 80 | 81 > >>