үсі. Осындай адамдар туралы жұрт өмірдің тек жақсы, жарқын жақтарын ғана елеп ескеріп, қараңғы тұстарын ескергісі келмейді. Аузын ашса жүрегі көрінетін кіршіксіз, табиғи болмысты биязы және әдемі заттар мен жайлылықты сүйетін адам. Оған сезімталдық нық сенімділік қасиеттері де тән.
Ақ – шаттықтың түсі ақ түсті ұнататындар өте әсершіл қызба келеді, тез еліктегіш. Мұндай адамдар кейде өзінің ықпалында қалады, кейде ол өзгенің ықпалында да кетеді. Оларға өздерін демеп бағыттап отыратын сенімді достар ауадай қажет.
Көк – адамдар арасындағы жақсы қарым-қатынасты ең жоғары бағалайтын адамдар. Олар достықты бағалап, ал махаббатты бәрінен жоғары қояды. Олар зұлымдықты, салқынқандықты, араздықты ұнатпайтын ақтілекті жандар.
ІV. Бекіту.
Сонымен балалар бүгінгі біз гүлшоғырлары мен олардың биологиялық маңызы тақырыбын өттік. Табиғатта гүлдердің түрлері өте көп, олар саналуан. Гүлдер бізді әсемдікке ізгілікке тәрбиелейді. Елбасының халыққа жолдаған «Жасыл ел» бағдарламасын орындау жолында өз үлесімізді қосуымыз қажет. Ол үшін сыныптағы бөлме өсімдіктерін күтіп баптап, аялап отыруымыз керек. Мектеп, өз үйіміздің айналасын көгаландыру жасыл желекке айналдыруға ат салысу бәріміздің парызымыз.
Үй тапсырмасы. Гүлшоғырлар, биологиялық маңызы.
Күні : 14. 11. 2014. Биология . 6 – сынып. Сабақ 20.
Сабақ тақырыбы:Өсімдіктердің жынысты көбеюі. Тозаңдану мен ұрықтану. Сабақтың мақсаты: Білімділік:Өсімдіктердің жынысты көбеюі,тозаңдану оның түрлерімен таныстыру,ұрықтану туралы түсінік беру.
Дамытушылық: Ойлау қабілетін,сөйлеу,есте сақтау қабілеттерін дамыта отырып шығармашылыққа тәрбиелеу.
Тәрбиелік: Табиғатты қорғауға,қоршаған ортаны аялауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі:Ойын сабақ.
Сабақтың көрнекілігі: Плакаттар, кеппешөптер, суреттер, үле
Страницы: << < 41 | 42 | 43 | 44 | 45 > >>