АССАМБЛЕЯ – ТАТУЛЫҚ ПЕН БІРЛІКТІҢ ТҰҒЫРЫ

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

«АССАМБЛЕЯ – ТАТУЛЫҚ ПЕН БІРЛІКТІҢ ТҰҒЫРЫ»
Өткізген: Азимбаева Н. М.
Семей қаласы
2014- 2015 оқу жылы
Тақырып:
АССАМБЛЕЯ – ТАТУЛЫҚ ПЕН БІРЛІКТІҢ ТҰҒЫРЫ
Мақсаты: Қазақстан Халқы Ассамблеясының қызметін саралай отырып, Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың рөлін анықтау.
Білімділік: оқушыларға Қазақстан Республикасы әлемде ең алғашқы мемлекеттердің бірі болып сырттан келген басқа ұлт өкілдеріне алтын бесік болғандығын ұғындыру;
Дамытушылық: басқа ұлт өкілдерінің мәдениетін, әдет-ғұрпын сыйлау,
сөйлеу қабілеттерін, шығармашылықтарын дамыту.
Тәрбиелік: қазақстандық патриотизмге, елін, жерін сүюге және халқын құрметтеуге тәрбиелеу. Оқушылардың бойына ұлттық рухты, патриоттық сезімдерді ұялату, ынтымақтыққа, достыққа,өз Отанын сүюге, қорғауға тәрбиелеу.
Сабақтың типі:дәстүрлі емес сабақ
Сабақтың түрі:ашық ой сабағы
Сабақтың әдістері: шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс
Сабақтың көрнекілігі: слайд- презентация, көгершіндердің суреттері, Бейбітшілік және Келісім сарайының суреті
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Интерактивті тақтадан Қазақстан Халқы Ассамблеясы туралы шағын бейнеролик көрсетіледі
Мұғалім:Қасиетті қазақ жерін тең бесік етіп бейбітшілікке бөлеген Қазақстан халқы Ассамблеясы биыл 20 жылға толды. Ел тәуелсіздігінің ең жауапты кезеңінде бірлігіміздің бастауы деп қолымызбен құрған Ассамблея дүниеге келгеніне 20 жыл болды. Осы аралықта ол өзінің өміршеңдігін көрсетіп, біздің бейбіт қоғамның ажырамас бөлігіне айналды» деген Елбасы, елдіктің өлшемі, тұрақтылықтың тұтқасы болған Қазақстан Халық Ассамблеясының мерейтойлық ХХ сессиясын «Бір халық – бір ел – бір тағдыр» деп аталуының мәніне тоқталды (слайд 1-2)
ІІ. Негізгі кезең:
Мұғалім: Жалпы қазақ халқының көсіліп жатқан кең байтақ даласы бар

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: