Ашық сабақ

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>



Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Оқушыларға "плаун", "плаунтәрізділер", "шоқпарбас" ұғымдары туралы түсінік беру, Плаундардың құрылысын, көбеюін және дамуын түсіндіру, плаун жайында білімін кеңейту.

2. Дамытушылық: Ой өрісін, танымын кеңейту және саралау, сараптау қабілеттерін жетілдіру, өз бетінше ізденіспен шығармашылық тұрғыда жұмыс істеуге дағдыландыру. Өз ойларын еркін де сауатты, нақты жеткізу қабілеттерін, пәнге деген қызығушылығын арттыру.

3. Тәрбиелік: Оқушыларға теориялық білімді меңгерте отырып танымдық қабілеттерін арттыру, ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа, биологиялық сауаттылыққа тәрбиелеу

4. Әдістемелік: Әр түрлі сұрау әдістерін, техникалық оқу құралдарын пайдаланып (фронтальды сұрау, кроссворд шешу, ұяшықтар), оқушылардың білімін бағалау

Сабақтың типі: ойын

Сабақтың түрі: дәстүрлі емес

Пәнаралық байланыс: география

Пәнішілік байланыс: "Қырықжапырақтардың, қырықбуындардың және плаундардың жоғары сатыдағы споралы өсімдіктер ретінде жалпы сипаттамасы, көбейуі және дамуы. Қырықжапырақтәрізділердің өткен замандарда өркендеп өсіп кең таралуы", "Қырықбуындардың құрылысы, көбейуі және дамуы. Қырықбуындардың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы"

Сабақтың уақыты: 45 минут

Өткізілетін орны: Компьютерлік сынып

Көрнекі құрал- жабдықтар: интерактивті тақта, слайдтар, оқулықтар, бағалау карточкалары
















I. Ұйымдастыру кезеңі 2 - 3 мин.
1. 1. Сәлемдесу
1. 2. Оқушыларды түгендеу
1. 3. Кабинет және оқушы дайындығын тексеру
1. 4. Сабақтың тақырыбымен жоспарымен мақсатымен таныстыру


ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: 5 -

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: