Ас атасы - нан

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

Сабақтың тақырыбы: "Ас атасы - нан"
Сабақтың мақсаты:
Ардақты, асыл дән - нанды қадірлей білуге, ұқыптылықпен қарауға, сонымен қатар қазақ тілінің беделін арттыруға, тәуелдік және көптік жалғауларын меңгертуді жалғастыруға бағыт беру.
Оқушылардың тереңнен ойлау ой - өрісін, ауызекі сөйлеу тілін дамыту.
Оқушыларды еңбекті бағалауға, сүюге, табиғатты қорғай білуге шақыру.
Сабақтың түрі: сыныптан тыс шара.
Әдіс - тәсіл: Сұрақ - жауап, ой шақыру, саралау.
Құрал - жабдық: Оқу құралдары, тақта жабдығы.
Көрнекілік: Сурет,плакат,қолдан жасалған нан түрлері.
Пәнаралық байланыс: Дүниетану,орыс тілі.
Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру.
А) амандасу, әнұран.
Ә) қатысымды түгендеу.
Б) балаларды сабаққа дайындау.
II. Жаңа сабақ.
М: Біздің мемлекетіміз, қазақ халқы діні мен тілі дамып, бейбіт жатқан ел. Мемлекеттік тілімізді дамытуға арналған сабағымыздың тақырыбын байтақ еліміздің алтын дәні, қадірлі асы нан туралы болмақ. Дән дегеніміз - нан, нан - береке,мереке, нан - сән - салтанаттың алтын діңгегі.
Ал,енді ортамызға қастерлі нанымызды қадірлейтін, сүйсіне жеп жүретін, нанға деген махаббаттарын өлеңмен өретін өреңдерімізді ортаға шақырамыз.
Оқушылар ортаға үйден алып келген ұн өнімдерінен жасалған өнімдерін алып шығып, өлеңдерін оқиды.

Ардақты нан! Ана мiнез асыл нан,
Жеп үйренген жаным сүйiп жасымнан
Бiр күлшеңдi мың есе артық дер едiм,
Бар дүниенiң iнжу, гауһар тасынан.
Дастарқан басынан
Үзiлмес асыл дәм
Ақ тоқаш, ақ қалаш
Адамның асы - нан!
Кешiре көр, бiр үзiм нан асылым,
Кешiре көр, көрсең бiзден асылық
Кешiре көр, мынау тоқ ұрпақ, тоқ буынды.
Аяқ астынан жатсаң кейде басылып
О, адамдар, айтарым бар, нанды баспаңд

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: