Сабақтың тақырыбы:
Ғарыш әлеміне саяхат
Сабақтың мақсаты :
Білімділік : оқушылардың алған білімдерін тексеру,қайталап,бекіту және қорытындылау.
Дамытушылық: ойлау, өз бетімен іздену қабілеттерін жетілдіріп , шығармашылық дағдылары мен ой-өрісін дамыту.
Тәрбиелілік: алдарына қойған мақсаттарына жетуге ,өздеріне сенімді болуға, жауапкершілікке ,топпен жұмыс істеуге тәрбиелеу.
Сабақта пайдаланылатын көрнекіліктер: слайд,су ,қағаз , интерактивті тақта, стакан ,тиын,тарелка,шырпы.
Сабақтың түрі: Саяхат сабақ
Сабақтың типі: Білімді жинақтау,жүйелеу.
Сабақтың әдісі: Сын тұрғысынан ойлау. (Деңгейлеп - дамыта оқыту. )
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру (танысу,топқа бөліну)
2. Негізгі бөлім ( деңгейлік тапсырмалар, есептер шығару. суреттермен жұмыс)
3. Бағалау (рефлексия)
Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылар шеңбер құрып тұрады да,өз есімдеріне бір сөз қосып айтады, солай шеңбер бойы қайталанады. Одан кейін оқушылар үстелдегі қағаздардан алып "Физика" және "Астрономия" сөзін құрастырады. Содан кейін екі топ өз орындарына отырады.
Ой қозғау:
Сабағымыз саяхат сабақ болғандықтан,біз бүгін ғарыш кемесімен саяхатқа аттанамыз. Біз бәріміз білеміз ғарыш кемесі Байқоңырдан басталады. "Байқоңыр " ғарыш айлағы 1955 жылы салына басталып 1957 жылы пайдалануға берілді. Ғарыш айлағы өз атына сай айналасы қара қоңыр топырақты, шөбі де алтын түстес қоңыр. Ол халқы тығыз орналасқан аймақтан алыс және Алматы - Мәскеу теміржолының Қызылқұмнан өтетін жерге жақын болуы тиіс еді.
"Байқоңыр" ғарыш айлағынан "Қазақстан-2030" кемесімен аттанбас бұрын екі топ өздерінің аттарын қорғайды. Олар плакатқа "Физика " және "Астрономия" пәндері нені зерттейді , сы
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>