ық станциясының бортинженері ретінде 1994 жылы 1 шілдесінен 4 қарашасы аралығында жасады. Ол екінші сапарын «Союз ТМ-27» жүк кемесімен «Мир» орбиталық станциясының командирі ретінде 1998 жылдың 29 қаңтары мен 25 тамызы аралығында жасады. Үшінші сапар 2001 жылдың 28 сәуірі мен 6 мамыры аралығында өтті. Ол кезде Т. Мұсабаев «Союз ТМ-32» жүк кемесімен Халықаралық ғарыш станциясына алғашқы ресейлік келіп кету экспедициясының командирі болған.
1-жүргізуші:Қазақ ғарышкері Талғат Мұсабаев Гиннес рекордтар кітабына енген:оған дейін ешкім ашық космоста бірінші ұшу кезінде бір тәуліктен аса уақыт болған емес.
2-жүргізуші:Балалар,біздің Қызылорда облысында ғарыш айлағы бар екенін білесіңдер. (Қызылорда облысының картасы)
1-жүргізуші: Байқоңыр ғарыш айлағы бізге жақын орналасқан. (Слайд)
12-оқушы:Аңыздарға сүйенсек Қорқыт бабамыз жер жаннатын іздеп,дүниенің төрт бұрышын аралап туған топырағы Сыр өңіріне қайта келеді. Сонда «бұл Жер жердің кіндігі» депті. Тас алып,аспанға лақтырса,тас аспанда ұзақ айналып жүріпті. Жылдар өте ғалымдар «Байқоңырда жердің тартылыс күші аз,экваторға жақын,ғарышты ұшыруға ең қолайлы орын» деген қорытынды жасаған.
13-оқушы:Ғарыш айлағына айналатын жер біріншіден,экваторға жақын орналасуы тиіс. Екіншіден,оның қасында мол сулы өзен болуы керек. Ондай мол сулы өзен сол кездегі Сырдария болатын. Сондай-ақ,ғарыш алаңына темір жол өтіп,солтүстік-батыс шалғайда кең жазық дала жатуы тиіс еді. Байқоңырдың табиғаты осы шарттарға сай келді. Биыл әлемнің ең бірінші ғарыш айлағы Байқоңырдың құрылғанына 58 жыл. Ал адамзаттың тұңғыш ғарышқа ұшқанына 53 жыл. «Байқоңырдың» құрылысы 1955 жылы басталды.
2-жүргізуші:1994 жылы Байқоңыр ғарышайлағын Ресейге жалға беру мерзімі 20 жылға деп есептелсе,2004 жылы қаңтар айынан бастап 50 жылға дейін болып
Страницы: << < 4 | 5 | 6 | 7 > >>