Ғарыш және Қазақстан

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

Сыныптан тыс жұмыс
Тақырыбы: «Ғарыш және Қазақстан»
Мақсаты:
Білімділік:Оқушыларға ғарыш оның ғылымилығы туралы түсіндіре отырып, ғарыш саласында қол жеткен жетістіктерге тоқталу.
Тәрбиелік:Оқушыларды елін,жерін сүюге,Отанын құрметтеуге тәрбиелеу.
Дамытушылық:Оқушылардың ғылыми дүниетанымын жетілдіру.
Көрнекілігі:Интерактивтік тақта,ДК, ғалымдардың, ғарышкерлердің суреттері, Қазақстан картасы, ғарыш туралы және Байқоңыр ғарыш айлағы туралы бүктемелер.
Барысы:
1. Ұйымдастыру бөлімі:
2. Ғарыш және Қазақстан.
1-жүргізуші: Қазір адамзат баласы өз өмірін ғарышсыз елестете алмайды.
2-жүргізуші:Ғарышқа алғашқы қадам жасау белгілі ғалым К. Э. Циолковскийден (1857-1935) басталды десек те болады. (Слайд)
1-оқушы:К. Э. Циолковскийдің идеялары оның 1903 жылы шыққан «Әлемдік кеңістікті реактивті құралдармен зерттеу» еңбегінде көрініс тапты ол зымырандардың көмегімен ғарышты игеру мүмкіндігін теориялық түрде дәлелдеді:денеде бірінші ғарыштық жылдамдық тудыра алатын зымыран құрылысын,көпсатылы зымырандардың сипаттамаларын,массасы айнымалы денелердің қозғалысы туралы,сондай-ақ ғарышқа ұшу жөніндегі басқа да маңызды идеяларды ұсынды. Ойы мен қиялы болашаққа ұмтылған К. Э. Циолковскийдің идеяларында ғажайып қиял мен техникалық мүмкіндіктер арқылы жүзеге асырылатын мәселелер үндестік тапты.
1-жүргізуші:Тек содан жарты ғасыр өткеннен соң ғана,адам баласының ғарыш кеңістігіне шығуы туралы арманы орындалды. К. Э. Циолковский идеялары орыс ғалымы С. П. Королевтің басшылығымен жүзеге асырылды. (Слайд)
2-оқушы:Негізгі ғарышқа жол 1957 жылы 4 қазанда ашылды. Байқоңыр ғарыш айлағынан Спутник атты бірінші жасанды жер серігі ұшырылды. (Слайд)
3-оқушы:Жердің жасанды серіктері елдің географиялық жағдайын,геофизикалық өзгерісін,атмосфе

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: