Сабақтың тақырыбы: Қарсы мәндес сын есім
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға қарсы мәндес сын есім туралы түсінік беру. Заттың жалпы сын, сапалық белгілерін топтап айыруға үйрету. Сауатты, көркем жазуын, сөздік қорын, сөйлеу мәдениетін дамыту. Ұжымдық жұмысқа үлес қоу үстінде өз бетінше ойлану, іздену әрекетіне тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, кубизм
Сабақтың көрнекілігі: карточкалар, плакаттар, слайд, суреттер
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі
Топқа бөлу: қызыл, көк, жасыл, сары
Психологиялық дайындық
Оян! Оян балам! Жатпа қарап,
Оян балам! Тезірек шапшанырақ!
Шақырды қораз мана әлдеқашан
Қарап тұр терезеден күн жалтырап
-Неге тұрдың? Адам неге ұйықтай бермейді?
-Жақсы, енді "Ояндым" сөзін естігенде көзімізге не елестейді? (мектеп,таң,күн)
-көзінді аштың, не көресің? (жарық)
-Жарық қайдан келеді? (күннен)
-Күннен не аламыз? (жылу)
-ендеше сол жылуды бойымызға тартып,жүрекке қабылдайық
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
5-жаттығу ( әр топтан 1-2 балаға оқыту)
"Кубизм" әдісі
Ойын: (ауызша)
Кітап мал табиғат қыз
. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
ІІІ. Жаңа сабақ
-жыл мезгілдері нешеге бөлінеді? (4)
-қазір қай мезгіл? (қыс)
-Қыста табиғатта қандай құбылыстар болады? (суық, қар жауады)
-қардың түсі қандай? (ақ)
-Адамдар қандай киім киеді? (Қалың)
-Ақ, суық, қалың сөздеріне қарама-қарсы сөздер
Ақ-қара, суық-жылы, қалың-жұқа бұл сөздер қандай сөздер? (Қарсы мәндес сын есім)
-Ереже
"Көркем жазу"
1-жаттығу (Ауызша)
2-жаттығу(Сөйлем құрау, ә р топтан сұрау)
Сергіту сәті. Доп арқылы қарсы мәндес сын есімдер айту
Топтық жұмыс
Страницы: 1 | 2 > >>