Қарлығашым - киелім

Страницы: 1

Қарлығашым - киелім
Адал досым, жанашырым, қамқоршым,
Жылы жақтан оралшы тез, жан досым.
Ұя салшы, төбеме кеп үйімнің,
Аялайын алақанда, ақ құсым.

Сені көріп аспандағы күн күлсін,
Жер дүние көк желекке бөленсін.
Туған жерің қошеметтеп алдыңнан,
Маңдайыңнан сипағандай жел ессін.

Аңыздарға арқау болған, айыр құйрық, қанаттым,
Адам үшін "жан пида" деп шырылдадың, зыр қақтың,
Қарлығашым, ақ ниеттім, қанатымен су сепкен,
Көгімізде биік ұшшы, ашық болсын аспаным!




Страницы: 1
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: