Сабақтың тақырыбы: Арифметикалық прогрессия.
Арифметикалық прогрессияның n-ші мүшесінің формуласы
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Арифметикалық прогрессияның айырымы, n- ші мүшесінің формуласымен таныстыру.
Дамытушылығы: Оқушылардың ойлау жүйелігін және сұрақтарға нақты жауап беруге, тез шешім қабулдауға үйрету.
Тәрбиелілігі: Арифметикалық прогрессияға байланысты есептер шығару арқылы талғамдарын арттыру, іздену, бақылау арқылы оқушыладың дүние танымын қабілеттерін қалыптастыру.
Әдісі: Деңгейлеп саралап оқыту.
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, компьютер, кеспе қағаздар
Сабақтың құрылымы: Сабақ төрт деңгейлік бөлімінен тұрады
1. Оқушылық деңгей (Сұрақтар)
2. Алгоритмдік деңгей (Есептер)
3. Эвристикалық деңгей (Ойын)
4. Шығармашылық деңгей
5. Қорытынды.
6. Үйге тапсырма
І. Ұйымдастыру: Оқушыларды түгелдеу, сабаққа ынтасын аудару
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
ІІІ. Негізгі бөлім
І саты "Міндетті оқушылық" саты (Ауызша сурақтар)
1. Сандар тізбегі неге натурал аргументті функция бола алады?
2. Тұрақты тізбек арифметикалық тізбек бола ма?
3. Кез келген мүшесін анықтау үшін сан тізбегін қандай әдіспен берген ыңғайлы?
ІІ саты "Алгоритмдік саты "
"А" -тобы
1. Арифметикалық прогрессияда а1 2, d 5 болса, оның алғашқы бес мүшесін табыңдар.
2. Арифметикалық прогрессияда а1 -3, d -2 болса, оның сегізінші мүшесін табыңдар.
3. Арифметикалық прогрессияда d 1,5, а9 12 болса, оның бірінші мүшесін табыңдар.
"В" -тобы
1. Егер а7 -5, а32 70 тең болса, а1 және d мәндері неге тең?
2. Егер а58,7 және а812,3 болса, d және а1-ді табыңдар.
3. Арифметикалық прогрессияда а37,5 , а714,3 болса, d мен а1-ді мүшесін та
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>