Қаржы саласындағы қаржылық құрылымы, жоспарлау және басқару. Қаржылық бақылау

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4 | 5  >  >>

ңгерімінде қамтып көрсетіледі. Жалпы, қаржылардың бүкіл құрамы екі ірілендірілген бөлікке біріктіріледі:
мемлекеттік және муниципалды қаржылар
шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы
2. Басқару адам қызметінің барлық аясына, соның ішінде қаржылық қызметке де тән нәрсе. Қаржыны басқару - бұл қаржыға және шектес экономикалық және әлеуметтік жүйелерге оларды жетілдіру және дамыту мақсатымен ықпал жасау үдерісі және қаржылық қатынастардың бүкіл жиынтығының тиімді жұмыс істеуіне жетуді және мұның негізінде тиісті қаржылық саясатты жүргізуді қамтамасыз ету жөніндегі мемлекет (қаржы органдары арқылы) шараларының жиынтығы. Бұл ретте белгілі бір нәтижеге жету үшін субъектінің объектіге нысаналы ықпал етуінің тәсілдері мен әдістері пайдаланылады. Қаржы жүйесінде басқару қаржылықмеханизм арқылы оның әдістері, тұтқалары, ынталандырмалары мен санкциялары көмегімен жүзеге асырылады. Сөйтіп, қаржыны басқару - бұл тиісті қаржылық саясатқа жетудің мақсаты; қаржылық механизм бұл мақсатқа жетудің құралы; қаржылық саясат - қаржыны басқарудың тиісті үдерісінің түпкілікті қорытынды нәтижесі.
Қаржыны басқарудың негізіне мына қағидаттар қойылған:
басқарудағы демократизм;
қаржылық мәселелерге саяси тәсілдеме;
басқаруда экономикалық және әкімшілік әдістердің оңтайлы үйлесуі;
басқарудың ғылымилығы;
орталықтандырылған, салалық және аумақтық басқарудын келісімдігі;
басқарудағы жауапкершілік;
шаруашылық шешімдерінің сабақтастығы.
Қаржылық қатынастардың әрбір сферасы мен әрбір буынында басқару субъектілері қаржыға мақсатты ықпал етудің өзіндік әдістері мен нысандарын пайдаланады. Қаржыны басқаруда мынадай бірнеше өзара байланысты нақтылы функциялық элементтерді айырады: ақпарат, жоспарлау (болжау), ұйымдастыру, реттеу, бақылау.

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4 | 5  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: