ы Олжас
Жүргізуші:
Ал, балалар , балалар
Енді бері қараңдар
Бізге қонақ келмекші
Сендерді бір көрмекші
Әуелі жұмбақ жасырам
Қулығымды асырам
Таба алсаңдар шешімін
Қонағымды ортаға шақырамын.
Аяғынан қаз тұрған
Қалпағы бар антұрған. Жауабы: Саңырауқұлақ.
Ғажайып сәт: Әуенмен залға Саңырауқұлақ келеді
Саңырауқұлақ:
Сәлеметсіңдер ме балалар! сәлеметсіздер ме қадірлі қонақтар! Мерекелерің құтты болсын! Баршаңызды алтын күз мересімен құттықтаймын! Күз бақыт, береке әкелсін!
Жүргізуші:
Балалар,біздің мерекеге саңырауқұлақ келіпті, қане барлығымыз тұрып амандасайық.
Балалар орындарынан тұрып амандасады.
Жүргізуші: - Айтқаныңыз келсін, саңырауқұлақ. Сіз бізге күз дегеніміз не? Неге "Алтын күз" дейді деген сұрақтарға жауап беріңізші?
Саңырауқұлақ:
-Күз дегеніміз біріншіден байлық, молшылық қап-қап астық, картоп, жүгері, өрік, алма. Осының бәрі күзде піседі. Кәне қараңдаршы! Дала да, егін де, тоғай да сап-сары. Сондықтан халық күзді "Алтын күз" дейді.
Жүргізуші:
Өрік, алша,
Шие, алма,
Жидек, жүзім піседі.
Қауын, қарбыз
Қияр, сәбіз
Дүкендерге түседі.
Балалар:
- Күзде дейді.
Жүргізуші: Би"Күзгі жапырақтар"
Қазір біздің балалар "Күзгі жапырақтар" биін билеп береді.
Жүргізуші:
Ағаштардан жамырап
Ұшты кенет жапырақ
Ой, алақай тамаша
Шашу шашып жапырақ.
Тақпақтар
Жатыр дала жалтырап
Жаз шуағын мол құйды
Күн астында алтын дән
Тербеледі толқиды Нурила
Ерте тұрып ақ таңнан
Қара жерге нәр құйған
Айналайын диқананан
Егін егіп дән жиған Кенжебек
Көктемде егін егетін
Күзде жиып беретін
Біздің дала бай дала
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 > >>