Сабақ жоспары Қазақ тілі пәні. 4-сынып
Сабақтың атауы: Қаратпа сөз
Жалпы мақсаты: Қаратпа сөз және қаратпа сөздің тыныс белгілері туралы алған білімдерін пысықтау
Міндеттер: Қаратпа сөз және қаратпа сөздің тыныс белгілері туралы білімдерін нығайту
Күтілетін нәтиже: Өз беттерінше, топта, жұппен жұмыс істеуге баулу
І. Қызығушылығын ояту
Ребус шешу Шешуі: Қаратпа сөз
ІІ. Мағынаны тану
Ақ қозы үлкен марқа болды. Кішкене күніндегі әдемі ақ бұйра жүндері ұзыннан-ұзын болып кетіпті. Шәутен де өсті. . . Жамаулы жаман шәркейі кішкене болып, аяғына сыймай қалды.
- Апа, шәркейім аяғыма сыймай қалды, - деді.
- Ендеше, ақ марқаңды қырықтырып әкеле ғой, балам, - деді апасы.
Шәутен Сансызбайға марқасын қырықтырды. Шәутен апасына:
- Апа, марқаны қырықтырып, жүнін әкелдім. Енді шәркейім дайын болды ма? - деді.
Апасы: - Жоқ, балам, жүнді сабаймын, - деді. . .
Сөйлемнің басында, ортасында және соңында келген қаратпа сөздерді табу.
- Қаратпа сөз дегеніміз не?
- Қаратпа сөз сөйлем ішінде қандай тыныс белгісімен ажыратылып жазылады?
5-жаттығу.
Дарынды балалармен жұмыс:
Көп нүктенің орнына тиісті сурет аттарын өлең сөздеріне ұйқастырып жазып, қаратпа сөздерді табу.
1. Қарға, қарға, қарғалар,
Қар үстінде жорғалар.
2. Кекілік-ау, кекілік,
Кетіп қалма секіріп.
3. Сауысқан-ау, сауысқан,
Сақтанасың дауыстан.
4. Тырау, тырау, тырналар,
Тамаша әнін тыңдап ал.
Жұппен жұмыс: Шығармашылық диктант. Өзара тексеру
1. Өмір жасың ұзақ болсын, . . . !
2. Ой, . . . , . . . ! Ойналық та күлелік.
3. . . . , бұдан былай мақтанба, әркімнің өз өнері , өз орны бар. 4. Рақмет, .
Керекті сөздер: Сәкен қарағым, балалар, балалар, балақай, балам.
Топпен қаратпа сөздің ер
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>