Сабақтың тақырыбы: «Қараш-қараш оқиғасындағы» әлеуметтік теңсіздік
Сабақтың мақсаты:М. Әуезовтың қараш-қараш оқиғасы арқылы балаларды отансүйгіштікке, әділетілікке, әділдікке баулу.
Сабақтың түрі:іздену сабағы, аралас сабақ
Сабақтың түрі: Аукцион - сабақ
Сабақтың көрнекілігі:Мұхтар Әуезовтың портреті, бүктемелер, кітаптар, интерактивті тақта.
Сабақ барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
1. Сәлемдесу;
2. Түгендеу.
II. Сыныпты топқа бөлу.
(Оқушылардың көңілін көтеру әрі сергіту ретінде оқушыларға кәмпит таратып, сол кәмпит түрі бойынша топтастыру).
I - "Алатау" тобы;
II - "Арман" тобы;
III - "Достық" тобы;
IV - "Астана" тобы;
V - "Отырар" тобы.
III. Аукцион – сабақтың ережесін түсіндіру.
Мен ең төменгі баға 5 ұпай деймін. Әр топ қалауынша ұпайды көтере береді. Ең жоғарғы ұпайды атаған топқа сұрақ қойылады. Сұраққа дұрыс жауап берген жағдайда ұпайды еншілейді. Сұрақтың жауабы қате болса, сол атаған ұпайлары бойынша минусқа кіреді. Өзге топтарға сауалға жауап беруге мүмкіндік беріледі. Оларға да аталған шарт қойылады.
Сұрақтары:
1. Тектіғұлдың өліміне не себеп?
Жауабы: Оны дауылда, ығып кеткен қойға жалаңаш – жалпы тез шықпадың деп Сәлмен сабайды. Тектіғұл "Азынап тұрған қара суық дауыл мынау! Берген киімің жалғыз ескі шекпен болса, оның қолтығы, жоны жыртық. Жауын мен дауылға не кием? Тымғұрса бір өң киім бер!" – деп сұрағанға жазықты бопты. Сәлмен ақырып: "Қой күзеті – сенікі, қойдың жарымы ығып кетсе, сен ақы – пұлыңды тілеп, әбігер саласың!" – дейді де, боқтықтың астына алады. Тек қана жылы киім сұраған жайын ұғындырып айтам деген Тектіғұлды сыбап боқтай береді. Тектіғұл соған ызаланып, "Он жылғы еңбегім бір жылы к
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>