Сабақтың тақырыбы: Арқарға үлкен мүйіз неге керек?
Кәдірбек Сегізбай
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділігі: Автордың өмірі мен шығармаларын таныстыру. Мәтіннің негізгі мазмұнын ашу.
2. Дамытушылығы: Оқушылардың сөздік қорларын молайту, өз беттерімен жұмыс істеуге, сауатты оқуға машықтандыру.
3. Тәрбиелілігі:Табиғатты қорғауға, сүюге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Әдіс-тәсілі: Түсіндіру,баяндау, сұрақ-жауап , іздену.
Көрнекілік: суреттер, сөзжұмбақ, плакат
Сабақтың барысы:
І. Психологиялық дайындық.
Құтты қонақ келіпті
Төрімізге еніпті
Амандасу үлкенге
Тәрбиенің ізеті
Ал,қаніки бәріміз
Сәлемдесейік үлкенге
Сәлеметсіздер ме, апайлар!
- Балалар, біз бүгінгі сабағымызды жарыс түрінде өткіземіз. Ол үшін біз үш топқа бөлініп, өз топтарымызға ат қойып алуымыз керек.
І топ "Балдырған"
ІІ топ "Балдәурен"
ІІІ топ "Балбөбек"
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:
Әр топтан 1 - 1 оқушыдан мәтіннің мазмұнын бөлімдерге бөліп айтқызамын.
І топ " Жанталасқан торғай"
ІІ топ " Жантастың жауыздығы"
ІІІ топ " Қамқоршы Қожа"
Тест сұрақтарымен үй тапсырмасын пысықтау.
1. "Қамқорлық" мәтінінің авторы кім?
А) Б. Соқпақбаев
Ә) Ы. Алтынсарин
Б) С. Сейфуллин
2. Б. Соқпақбаевтің шығармасын тап.
А) Шал мен бала
Ә) Нағыз адам
Б) Баланың айласы
3. " Қамқорлық" мәтініндегі кейіпкерлер кімдер?
А) Марат пен Қанат
Ә) Жанат пен Самат
Б) Жантас пен Қожа
4. Мәтінде қай құс туралы айтылған?
А) Қарлығаш
Ә) Торғай
Б) Қарға
ІІІ. Жаңа сабақ:
Суреттерге қарап бас әріптерін алып, сөз құрап жаңа сабақтың тақырыбын ашып аламыз.
oo Қандай сөз шықты?
Страницы: 1 | 2 > >>