Сабақтың тақырыбы: Қарапайым мәтіндік редакторы. Редактор интерфейсі.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларды WORDPAD мәтіндік редакторымен таныстыру және сол мәтіндік редакторды пайдалана отырып, құжатқа мәтін жазуды үйрету;
Дамытушылық: Оқушыларды осы тақырыпты пайдалана отырып, мәтінді қатесіз жазу шеберлігіне баулу, сол шеберлікке ұмтылу барысында логикалық және фантазиялық ойлау қабілеітін арттыру, танымдық белсенділігін арттыру, іздендіру, оқушылардың компьютермен жұмыс істеуіндегі жетістіктерін одан әрі арттыра түсіп, алған білімдерін басқа пәндер үшін, сабақтан тыс жұмыстар үшін және жалпы келешекке өздері үшін пайдалана білулеріне ықпал ету;
Тәрбиелілік:Еңбекке баулу, ұлттық салт - дәстүрге, пәнді сүюге, өзінің Отанын сүюге, қызығушылыққа, қайырымды болуға, дарындылыққа тәрбиелеу.
Сабақта қолданылатын көрнекіліктері: компьютер, мультимедиялық тақта, презентация, оқулық, жұмыс дәптері.
Сабақтың типі: Аралас сабақ
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру. Оқушылармен амандасу, түгендеу, оқушыларды екі топқа бөліп аламын кеспе қағаздар арқылы, оқушылар назарын сабаққа аудару
II. Үй тапсырмасын тексеру:
Біз өткен сабақта " PAINT графиктік редакторы " тақырыбын аяқтадық. Сол тақырыптан алған білімімізді пысықтап алайық сәйкестендіру кестесі арқылы.
1. Графикалық бейнелерді құруға және өзгертуге арналған программа.
А) Пиксель
2. Paint
В) Графикалық редактор
3. (Ағылшынша picture element - суреттің элементі) - растырлық бейненің ең кішкентай элементі
C) (ағылшынша сурет, сурет салу)
4. Палитраның неше түсі бар
Д) Мәтін
5. Жай - күй жолында не беріледі
Е) 30
6. Қандай сайманның көмегімен мәтін енгізуге болады?
Ж)
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>