Қарапайым математикалық білімдерін анықтау

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

Математика

Сабақтың тақырыбы: Қарапайым математикалық білімдерін анықтау.
1- ден - 10-ға дейінгі сандар құрамы.
Сабақтың мақсаты:
1-ден 10-ға дейінгі сандардың таңбалануын үйрету.
Құрамын анықтау арқылы 1-ден- 10-ға дейінгі сандарды ретімен ауызша тура және кері санауға үйрету.
Тиянақты жауап беруді талап ету. Сандарды жаза білуге үйрету.
Цифрларды ажырата біліп, көрші сандарды таба білуге және кері санай білуге үйрету. Балалардың логикалық ойлау,есептеу қабілеттерін дамыту.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Әдіс-тәсілдері: түсіндіру, жаздыру, сұрақ-жауап,сергіту сәті, ойын.
Көрнекі-құралдар: суреттер, кеспе цифрлар, үлестірме материалдар, тақта, бор.
I апта
Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі: Балалардың зейінін сабаққа аудару, оқу құралдарын жинақтау, ой қозғау (көрнекіліктер арқылы).
Қызығушылықты ояту: 1, 2, 3
Сынып іші тып-тыныш
Жалқаулықты тастаймыз
Сабақты біз бастаймыз!
III. Жаңа сабақ. 1-ден 10-ға дейінгі сандар. 1,2,3,4,5,6,7,8,9,10
10 саны он бірліктен тұрады. 111115 111115 5510

Тақтаға 10-ға дейінгі сандар қатары ілінген. Балалар мұғаліммен бірге тура және кері тәртіппен санайды. Балалар шаттық шеңберде өлең шумақтарың қимыл- қозғалыспен айтады .
Оқып білім аламыз
Біздер зерек баламыз
Математика пәнінде,
Тапқыр, алғыр боламыз.
Ауызша жұмыс. Тірек білімдерін жетілдіру.
Мұғалім балаларға 1- ден 10-ға дейінгі сандар қатарын жетілдіруге арналған тапсырмалар береді:
1. 0 ден 10-ға дейін тура санау
2. 10-нан 0 - ге дейін кері санау
3. 1 - ден 10-ға дейін реттік санау
4. 10-нан 0- ге дейін кері санау. (реттік)
5. Келесі санды атау. . .
6. Алдыңғы санды атау. . . .
7. Сандардың көршілерін атау. . .

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: