Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы:
3-бөлім. Отбасылық дәстүрлер мен мерекелер. 
Сабақтың тақырыбы
 Қара шаңырақ
Осы сабақта қол
жеткізілетін оқу мақсаттары
(оқу бағдарламасына
сілтеме)
 5. Т/А1. Тірек сөздер мен ұсынылған иллюстрациялар арқылы тақырыпты болжау. 
 
Сабақтың мақсаты
Барлық оқушылар орындай алады:
- Тірек сөздер мен ұсынылған иллюстрациялар арқылы тақырыпты болжайды. 
Оқушылардың көпшілігі орындай алады:
- Тақырыпты болжай отырып, өз пікірлерін білдіреді. 
Кейбір оқушылар орындай алады
- Тақырып бойынша пікірлерін өмірмен байланыстыра дәлелдейді. 
Бағалау критерийлері
 oo - Берілген суреттерге қатысты тірек сөздерді анықтайды;
 oo - Тірек сөздер мен суреттер арқылы тақырыпты болжайды;
- Тақырыпты болжау барысында өз пікірлерін білдіреді;
- Тақырып бойынша пікірлерін өмірмен байланыстыра дәлелдейді. 
Тілдік мақсат
Оқушылар орындай алады:
 Берілген суреттерге қатысты тірек сөздерді анықтай алады. Тірек сөздер мен суреттер арқылы тақырыпты болжай біледі. 
Пəнге қатысты сөздік қор мен терминдер:
 Қара шаңырақ, үлкен үй, дәріптеу, ас беру, соғым басына шақыру, киелі
Талқылауға арналған сұрақтар:
 oo Қара шаңырақ дегенді қалай түсінесіздер?
 oo Қара шаңырақтың иесі кім?
 oo Қазақта әке-шешені бағып-қағу кімге жүктелген?
Құндылықтарға баулу
 Ынтымақтастық, Қазақстандық патриотизм, тарихтың, мәдениет пен тілдің біртұтастығы
Пəнаралық байланыс
Тарих, әдебиет, өзін-өзі тану
Алдыңғы білім
 "Отбасылық дәстүрлер мен мерекелер" бөлімі бойынша бірінші сабақ. Тақырып бойынша оқушылар отбасы дәстүрлерін біледі. Ол туралы өз ойын айта алады. Тірек сөздер арқылы тақырыпты болжай алады. 
<
		Страницы: 1 | 2 | 3 > >>
