ды сезу дәрежесінде түсінікті етеді.
ОЖ Windows бір мезгілде бірнеше мәселелерді, ал MS DOS тек бір мәселені ғана шешуге мүмкіндік береді.
Қолданбалы бағдарламалық жасақтама мәліметтерді өңдеудің нақты мәселесін шешуге арналған. Олардың көмегімен құжаттар құруға, графикалық объектілер даярлауға, әр түрлі есептеулер жүргізуге және өздеріңнің демалыстарынды ұйымдастыруға т. б. жасауға болады.
Қолданбалы бағдарламаларды арнайы және әмбебап бағдарламалар деп екіге бөлінеді.
Арнайы (мамандандырылған) бағдарламаларға бір мамандықтағы адамдар пайдаланатын бағдарламалар жатады, мысалы, бугалтерлік бағдарламалар, проект жасаушылар, дәрігерлер пайдаланылатын т. б. бағдарламалар.
Әмбебап бағдарламаларға мәтіндік және графикалық редакторлар, электрондық кестелер, электронды пошта бағдарламалары, яғни, адамдардың көбі пайдаланылатын бағдарламалар жатады.
Жүйелік бағдарламалық жасақтамаларға драйверлер де жатады. Бұл компьютерге қосылатын құрылғылармен бірге жабдықталатын бағдарламалар, оларда осы құрылғылар жөнінде барлық ақпарат болады. ОЖ қосылатын құрылғылармен олардың драйвері арқылы қатынасады.
Бағдарламалау жүйелерінің құрамына бағдарламалау тілдері және арнайы бағдарламалар кіреді, олардың көмегімен құрылған бағдарламалар компьютердің жадына енгізіледі, түзетіледі, тестіленеді және орындалады.
Бағдарламалау тілдері өте көп. Мысалы, Паскаль, Бейсик, СИ және т. б.
Ақпараттады компьютерде сақтау.
Ақпарат компютердің ішкі және сыртқы жадында сақталады. Компьютердің ішкі жады негізгі болып табылады, себебі процессор тек осы жадпен тікелей жұмыс істейді. Оны көп жағдайларда оперативті (жедел) жад деп аталады, өйткені ол компьютерді әрқашан ақпаратпен қамтамасыз ете отырып, үздіксіз жұмыс істейді.
Компьютерді өшіргенд
Страницы: << < 4 | 5 | 6 | 7 > >>