ап:
1. Ақпаратқа қандай амалдар қолдануға болады?
2. Адам ақпаратты қалай сақтайды?
3. Ақпаратты қайда сақтауға болады?
4. Адам ақпаратты қалай өңдейді?
5. Ақпаратты жөнелту арналары деген не? Мысал келтіріңдер.
ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру
7 мин
Ақпаратты сақтау және тасымалдау үшін оны тіркеп, есепке алуымыз керек. Мысалы, мәтінді жазу үшін әріптерді, музыканы жазу үшін ноталарды, сандарды жазу үшін цифрларды қолданамыз. Арақашықтықты сантиметрмен, метрмен, километрмен, т. б. өлшеу қабылданған. Ал салмақты - граммен және килограммен, т. б. өлшейміз.
Компьютер - электрондық машина. Ол тек электр сигналдарын "қабылдайды". Сондықтан компьютердегі ақпаратты электр сигналдары түрінде ғана елестетуге болады. Ақпаратты компьютерге жазу үшін, компьютердегі әрбір белгі (әріп немесе цифр, дыбыс немесе видео) сигналдар тіліне аударылуы керек. Сигналдың жоқ болуын 0 арқылы, ал бар болуын 1-дің көмегімен белгілеу қабылданған.
Мұнда "нөл" мен "бір" бит деп аталады.
Бит 0 немесе 1 сияқты екі мәннің бірін ғана қабылдай алады. Бит ақпаратты өлшеудің ең кішкене бірлігі болып табылады.
Ақпаратты өлшеудің келесі бірлігі байт деп аталады.
"Ақпарат" сөзін байтпен есептейді, ал мұндағы 1 байт 8 битке тең.
Әдетте 1 байттың көмегімен бір символ кодталады. Символ - ол кез келген белгі: әріп, цифр, тыныс белгісі немесе бос орын.
Сонымен біз ақпараттың өлшем бірлігі байт екенін білдік. Өмірде үлкен көлемді ақпаратпен жұмыс істеуге тура келеді. Сондықтан ақпаратты өлшеудің ірі бірліктері де кездеседі:
1 Килобайт (Кб) 1024 байт
1 Мегабайт (Мб) 1024 Кб
1 Гегабайт (Гб) 1024 Мб
1 Терабайт (Тб) 1024 Гб
Хабарламаның ақпараттық көлемі - хабарламадағы битпен,
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 > >>