Сабақтың тақырыбы: Ақпаратты іздеу, жазу және санау. Ақпаратты тасымалдаушылар. "ашық сабақ"
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға ақпаратты іздеу, жазу, жалпы жұмыс жасай білу, ақпаратты
тасымалдаушылар туралы түсінік. 
Күтілетін нәтижелері: Оқушылардың теориялық білімдерін практикалық жұмыспен ұштастыру. АКТ-мен жұмыс істеу барысында оқушылардың компьютермен жұмыс істей білулері. Ақпаратты тасымалдау білуі. 
Әдіс-тәсілдер: Топқа бөлу, АКТ, жас ерекшелігіне қарай деңгейлік тапсырмалар беру, 
рефлекция. 
 Сабақ кезеңдері
 Мұғалім әрекеті
 Оқушының әрекеті
 Кіріспе уақыты
Шаттық шеңберін ұйымдастыру
Шаттық шеңберінде бір-біріне ізгі тілек, жақсы көңіл-күй тілейді. 
 Топқа бөлу
СТО сурет арқылы топқа бөлінеді. Берілген суреттердің бас әріптері арқылы үш топқа бөлінеді
"Қатты диск", "Дискета", "Флеш-жады" болып топтасады. 
 Үй тапсырмасын сұрау (пысықтау)
"Ыстық орындық" әдісі арқылы үй тапсырмасы сұралады:
 1. Объектілерде қолданылатын қандай амалдарды білесіз?
 2. Алмасу буфері дегеніміз не?
 3. Барлық жойылған объектілер орналасатын арнайы бума қалай аталады? Қоржындағы жойылған объектілерді қайта қалпына келтіруге бола ма?
"жауаптары":
 1. Көшіру, орнын алмастыру, жою, атын өзгерту
 2. Көшіру процесінде компьютер жадында уақытша сақталатын. 
 3. Қоржын (себет), ия болады. 
Әр топтан 1 оқушы шығып сұрақтарға жуап береді. Оқушылардың жуаптары тыңдалады. 
 Негізгі бөлім:
-Балалар, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: "Ақпаратты іздеу, жазу және санау. Ақпаратты тасымалдаушылар" барлығымыз бірлесе отырып сбағымыздың мақсатын анықтайық. Осы мақсатқа жету үшін қандай сұрақ туындайды. 
 Жаңа сабақты түсіну
		Страницы: 1 | 2 > >>
