тіппен реттелуі тиіс. Реттелген ақпаратқа әртүрлі картотекаларды (кітапханалардағы, емханалардағы) жатқызуға болады. Компьютердің де ақпаратты реттеу құралдары бар. Ақпаратты бумаларға үлестіріп сақтауға, алфавит бойынша, жазылған күні бойынша және т. б. сұрыптауға болады.
Ақпаратты жөнелту.
Сендер ақпаратты тұрақты жеткізіп отырасыңдар. Мысалы, басқа адаммен сөйлескен кезде. Ақпаратты алысқашықтыққа жеткізу үшін адамдар әртүрлі құралдар ойлап шығарған. Оларға телеграфты, телефонды, теледидарды, Интернетті және басқаларды жатқызуға болады. Ақпаратты жеткізу үшін қолданылатын құрылғыларды ақпаратты жеткізу арнасы деп атайды. ақпаратты жеткізу арнасының сапасы нашар болса, онда жөнелтілетін ақпарат бұрмалануы немесе оның қайсыбір бөлігі жоғалуы мүмкін. Мысалы, "Естілмейтін телефон" ойынындағыдай.
Ақпаратты жеткізу үдерісінде әрқашан ақпарат көзі және оны қабылдаушы болады. Ақпарат көзі ақпаратты жөнелтеді, ал қабылдаушы - оны қабылдайды. Мысалы, сабақты түсіндіруші мұғалім - ақпарат көзі де, оқушылар - оны қабылдаушы.
Ақпаратты өңдеу.
Ақпараттың кез келген өзгеруі оның өңделуі деп аталады. Мысалы, есепті шығарудың өзі- бұрын белгілі есептен жаңа ақпарат алу. Ондай ақпаратты адам логикалық ойлау немесе математикалық есептеулер арқылы алады. Басқа мысал ретінде ақпаратты бейнелеу түрінің өзгеруін қарастыруға болады. Мысалы, мәтінді бір тілден екінші тілге аудару.
Ақпаратты өңдеу оның бастапқы түрден басқа түрге айналуын немесе ақпарат мазмұнының өзгеруін білдіреді. Ақпаратты өңдеу нәтижесін адам ары қарай өз қажетіне жаратады.
Компьютердегі тәжірибелік жұмыс
1. Word pad мәтіндік редакторын аш. Ол үшін Пуск - Все программы - Стандартные - Word pad батырмаларын басамыз.
2. "Ақпаратты сақтауға, жет
Страницы: << < 1 | 2 | 3 > >>