ралы мәліметті кадр бөлімінің қызметкері тексеріп, дайындайды.
Кез келген анықтаманың тіркелген нөмірі, жауапты адамның қолы, мекеме мөрі болғанда ғана заңды күші бар.
Құрылымы:
1. Құжат атауы.
2. Берілген күні, айы, жылы, нөмірі, орны.
3. Негізгі мәтіні.
4. Анықтаманың қай ұйымға арналып берілгендігі туралы мәлімет.
5. Анықтаманың жарамдылық мерзімі жайлы мәлімет.
6. Анықтама мәтінінде жазылған мәліметтің растығына жауапты ұйым жетекшісінің лауазымы, аты-жөні, қолы.
7. Анықтаманы беріп отырған ұйымның мөрі.
1. Құжат атауы. Құжат атауы үлкен әріптермен парақтың ортасына жазылады. Мысалы:
АНЫҚТАМА
2. Берілген күні, айы, жылы, нөмірі, қала атауы. Мысалы,
10 қаңтар, 2010 жыл 115 Алматы қаласы
3. Негізгі мәтіні. Негізгі мәтіні анықтаманың берілу мақсатына қарай, жүйелі түрде жазылады. Мысалы,
"Осы анықтама Бияров Бердібекке оның Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Қазақ филологиясы факультеті күндізгі бөлімінің 3 курсында оқитынын растайды".
4. Анықтаманың қай ұйымға арналып берілгені туралы мәлімет. Бұл мәлімет негізгі мәтіннен төмен, азат жолдан басталып жазылады. Мысалы:
"Анықтама Алматы қаласы Алмалы аудандық әскери комиссариатқа көрсету үшін берілді".
5. Анықтаманың жарамдылық мерзімі туралы мәлімет. Бұл мәлімет те жаңа жолдан жазылады және берілген анықтаманың қай мерзімге дейін күші бар екендігі көрсетіледі. Мысалы:
"Анықтама 2010 жылдың 31 желтоқсанына дейін жарамды".
Немесе:
"Анықтама берілген күннен бастап 6 айға дейін жарамды".
(Кейбір өзгермейтін фактілер жазылатын немесе болған оқиғаның күні көрсетілетін анықтамалардың жарамдылық мерзімін көрсету міндетті емес. Мысалы,
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 > >>