с, бүкіл әлемге әйгілі. Қазақстаннаң жер қойнауын зерттеп, түрлі кен орындарын ашты. Ол бірінші бесжылдық жоспарды бекіту қарсаңында бір топ ғалымды басқарып, алдағы кезде салынатын алып құрылыс орындарының бірі ретінде Жезқазғанды ұсынады. Оның бұл салада бірнеше жыл бойы жүргізген ғылыми-зерттеу жұмыстарын қорытындылаған "Отқа төзімді флюстер мен құрылыс материалдарының Үлкен Жезқазғандағы кен орны" деген маңызды еңбегі Ұлы Отан соғысынан бұрын жарық көрді.
Оның Кеңес ғылымын дамытуға қосқан ерен еңбегі жоғары бағаланып, 1941 жылы КСРО Мемлекеттік сыйлығына ие болады.
КСРО Ғылым академиясының академигі Қаныш Имантайұлы - республикамызда ғылымның түрлі саласын дамытуға баға жетпес үлес қосқан дарынды ұйымдастырушы, басшы да. Ол 1941 жылдан бастап Геология институтын басқарды, ал 1946-1952 және 1955-1964 жылдары Қазақ КСР Ғылым Академиясының президенті болды. Оның пайдалы кен қазбаларының болжам карталарын жасау принциптерін белгілеуге арналған тамаша еңбегі 1958 жылы Лениндік сыйлық алды.
Қазақстаннан шыққан тұңғыш академик Қ. И. Сәтбаевтың ғылымды дамытуға сіңірген зор еңбегі жоғары бағаланады: ол төрт мәрте "Ленин орденімен", екінші дәрежелі "Отан соғысы орденімен", тағы Қ. И. Сәтбаевтың есімімен аталды.
3.
I. Тапсырма. 107-беттегі "Қаныш Сәтбаев" мәтінін
Страницы: << < 1 | 2