Антонимдерді қайталау

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

Сабақтың тақырыбы: Антонимдер
Сабақтың мақсаты:
білімділік: сөз мағыналарынан алған білімдерін пысықтай отырып, мағыналары қарама - қарсы сөздерге мысал келтіре отырып, антонимнің анықтамасын оқушылардың өздері ойланып, шығаруға бағыт беру;
дамытушылық: өткен сабақ пен жаңа сабақты байланыстыра отырып, ой белсенділігін арттыру;
тәрбиелік: оқушыларды ұйымшылдыққа, бірлікке, шапшаңдыққа, тапқырлыққа үйрету.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Әдісі: сұрақ - жауап, топтастыру, салыстыру
Көрнекілігі: кеспе қағаздар, суреттер, сөзжұмбақ, кесте.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
а) Оқушылармен амандасу
ә) Оқушыларды түгендеу
б) Үй тапсырмасын сұрау
Үйге берілген 84 - жаттығуды тексеру.
Үй тапсырмасын бекіту:
Омонимдер дегеніміз не?
Синонимдер дегеніміз не?
Омоним мен синоним сөздерге мысал келтір.
ІІ. Жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру.
ІІІ. Жаңа тақырып
Антонимдер.
1. Үлкенге – құрмет
Кішіге – ізет.
2. Әдепті бала – арлы бала,
Әдепсіз бала – сорлы бала.
3. Жақсы жолдас – жанға серік,
Жаман жолдас – малға серік.
4. Шашу – оңай, жинау – қиын.
жақсы – жақсы емес жақсы – жаман
ал – алма - ал – бер
сулы – сусыз ---- сулы – құрғақ
Антонимдер ойды әсерлі, бейнелі түрде жеткізудің ең оңтайлы құралы. Мысалы, ғасырлар бойы атадан балаға мирас болып келе жатқан мақал - мәтелдердің, жұмбақтардың құрамында антонимдер көп қолданылады. Біз оған мына сөзжұмбақты шеше отырып, көзімізді жеткізе аламыз.
Сұрақтары:
1) Ақылдан жақсы дос жоқ,
Ашудан жаман … жоқ.
2) Ашу – …, ақыл – дос.
3) Дос … айтады, дұшпан күлдіріп айтады.
4) Көз - …, қол – батыр.
5) Ащы мен тұщыны татқан білер,
… мен алысты жортқан білер.
6) Жа

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: